42
LESSON STUDY ТӘСІЛІН ТӘЖІРИБЕДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА
ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Lesson Study – оқу мен оқытуды үздіксіз жетілдіру мақсатындағы бірлескен
рефлексивті мектеп тәжірибесі. Сабақты зерттеу түсінігі мен практикасы/Lesson Study
(jugyou Kenkyuu жапон тілінде) Жапонияда бастау алады және бүкіл әлемде кеңінен
танылды.
Сабақты зерттеуде / Lesson Study деген қызығушылық ағылшын тілді білім беру
кеңістігінде тек 1999 жылы Стиглер мен Хиберттің (Stigler, J.W., & Hiebert, J., 1999) АҚШ,
Германия және Жапония мектептеріндегі математика сабағы салыстырылған "Оқытудағы
олқылық: сыныптағы білім беруді жақсарту бойынша әлем мұғалімдерінің ең жақсы
идеялары" жариялымнан басталады. Сол кезден сабақты зерттеу Азия, Еуропа, Солтүстік
Америка, Таяу Шығыс және Африка елдерін қамтитын бүкіл әлемге таралды.
Нәтижесінде, 2005 жылы Гонконг білім беру институтының кеңсесі Дүниежүзілік
Сабақты зерттеу қауымдастығын (WALS) құрды (www.walsnet.org) .
Сабақты
зерттеудің/Lesson
Study-дің
әдебиетте
пайда
болған
негізгі
түсіндірмелерінің бірі - жоспарлау, бақылау және талдау саласындағы бірлескен
педагогикалық практиканың рефлексивті циклң, онда бір циклдің нәтижесі рефлексивті
талқылауға және келесі сабақты одан әрі жоспарлауға негіз болады (Lewis, K., &
Takahashi, A. 2013; Nakano, K., 2011).
Достарыңызбен бөлісу: