Сабақты зерттеуді өткізу / қадағалау
Сабақты зерттеу бірлесіп жоспарланғандықтан, ол топтың бірлескен меншігі болып
табылады. Бұл сабақты қадағалаушылар оқытушыға емес, оқушыға (оқушыларға) көбірек
көңіл бөлетінін білдіреді. Олар әр қадағалауды бір оқушыға сүйене отырып бастауға
тырысып, қадағалау аясын кеңейту арқылы топты немесе сыныпты толығымен қамтуға
тырысуы керек (Дадли, 2013).
Оқытушылар сабақты қадағалаудан көп тәжірибе алады. Бұл оқытушылардың
қадағалау дағдыларын жетілдірумен қатар, оларға оқу процесін ішкі жағынан білуге,
оқушылардың санасында болып жатқан ойлау процесімен танысуға мүмкіндік береді.
Себебі, күнделікті сабақ барысында оқытушылар бір уақытта көптеген функцияларды
атқаратындығына байланысты, оқушыларды осылай терең зерттеу әрдайым мүмкін
болмайды. Сабақты қадағалау кезінде оқытушылар күтпеген көптеген нәрселерді
анықтауы мүмкін. Оқушылардың "ойлары" мен айтылған сөздерін мұқият зерттей
отырып, оқытушылар оқушылардың қандай да бір түсінікті құбылысты қаншалықты
түсінетіні немесе түсінбейтіні, оқушылардың тапсырманы орындауға қанша уақыт
жұмсайтыны және қанша бос уақыты бар екендігі, оқушыларға жетістікке жетуге
көмектесетін немесе кедергі келтіретін факторлар туралы терең түсінік алады.
Сабақ өткізетін оқытушының міндеттері.
Сабақ өткізетін оқытушы бірлесіп әзірленген сабақ жоспарына сүйенеді. Оқытушы
оқушыларды бақылап отырған оқытушылармен таныстыруы мүмкін, алайда, сабақ
барысында ол әріптестерімен өзара іс-қимыл жасамауы керек.
Күнделікті
сабақ
барысында
оқытушылардың
көпшілігі
оқушылардың
қажеттіліктеріне байланысты сабақтарына өзгерістер енгізеді. Сабақ барысында кішігірім
өзгерістер де болатыны түсінікті, бірақ барлық болжамды өзгерістерді сабақты жоспарлау
кезінде қарастырып, жазып алу керек. Егер оқытушы айтарлықтай өзгерістер енгізсе,
сабақты қадағалайтын оқытушылар оны қадағалай алмайды, бұл жағдайда жиналған
мәліметтердің мәні төмен болады.
Сабақты қадағалайтын оқытушының міндеттері
• Жұмыс кезінде артық сөзден аулақ болу керек.
• Сабақтың қалай басталғанын, қалай жалғасқанын және соңында сабақта не
болғанын түсіну үшін сабақ барысында сыныпта болған дұрыс.
• Оқытушы тақтаға немесе басқа жерлерде жазған жазбаларды немесе көрнекі
материалдарды қарауға кедергі болмау қажет.
• Оқушылармен қарым-қатынас барынша азайтылуы керек. Бір нәрсені үйретуден
немесе оқушыларға көмектесуден аулақ болу керек. Кейде, басқа оқушыларға кедергі
жасамай, оқушының санасындағы ойлау процестерін түсіну мақсатында, қарым-қатынас
жасауға болады.
Сабақ барысында байқаушы оқытушылар оқушылардың нақты әрекеттері мен іс-
қимылдарына назар аударады. Оқушылардың жауаптарын сабақтың әр кезеңінде атап өту
керек, соның арқасында бұл нәтижелердің күтілетін нәтижелерге қаншалықты ұқсас
екенін немесе олардың қаншалықты ерекшеленетінін түсінуге болады. Сабақ барысында
оқытушылар қандай да бір зерттеу мәселесін қарастыра алады және / немесе қадағалау
объектілерін қолдана алады.
53
Сондай-ақ, Сабақты зерттеу "топтың бірлескен меншігі" (Дадли, 2013)
болғандықтан, қадағалаушы оқытушылар сабақты әріптестерінің қалай өткізетініне емес,
оқушының сабаққа қатысуына және оны оқытуға назар аударады. Бақылау кезінде
мұғалімдердің оқушылармен қажетсіз сөйлеспегені және оларды алаңдатпағаны маңызды.
Сондай-ақ, барлық көрген нәрсені бақылау парағына қысқа ескертпе түрінде жазып алған
жөн.
Жалпы, оқушылардың қаншалықты ілгерілегенінің және жоспарланған нәтижемен
салыстырғанда қандай деңгейге жеткендігінің белгілерін іздеу керек. Келесі сабақта
бақыланатын оқушылардың, оқушы топтарының немесе сыныптың қандай сұрақтарына
назар аудару керек? Сабақтан кейінгі әңгіме барысында оларға қандай сұрақтар қоясыз?
Қадағалаушы мұғалім сабақ барысында туындаған ойларды үнемі жазып отыруы керек.
Зерттеу тобының мүшелері әдетте, оларды қызықтыратын нақты мәселелерге
қатысты мәліметтер жинайды:
• сабаққа оқушының белсенді қатысуы;
• оқытушының шағын топтармен өзара әрекеттесуі (кейіннен мұғалім қандай
шаралар қолданғанын және оқушының оған реакциясы қандай екенін білу үшін);
• оқушылар қойған сұрақтар;
• оқытушы қойған сұрақтар;
• оқушының зерттелетін тақырып бойынша түсініктемесі, әдетте, тақырып
басталғаннан және аяқталғаннан кейін сұралады;
• өз ойларын өз еркімен білдіру үшін қолын көтерген қыздар мен ұлдардың саны;
• оқушының өз ойларын басқа сыныптастың пікірі негізінде дамытуы немесе өз
пікірін білдіру кезінде басқа оқушының айтқанына сілтеме жасау;
• оқушылардың эмоциясы (бет әлпетінің өзгеруі, дыбыспен сөйлеп білдіру, дене
қимылдары және т. б.);
• оқушының проблеманы шешу жолдары туралы бастамалары. Көздері шырадай
жанды ма?
Сабақты зерттеу топтары зерттеу аяқталғаннан кейін оқушылардың пікірі бойынша
не пайдалы болғанын, жаңа не білгенін және осы сабақ қайтадан өткізілсе, сабақты
тиімдірек ету үшін олардың пікірінше, не өзгертуге болатынын білу үшін бақыланатын
оқушылармен сөйлеседі (Дадли, 2013).
Достарыңызбен бөлісу: |