Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы


Зерттеу міндеттірін білгілеу және зерттеу нәтижелерін көрсету



Pdf көрінісі
бет66/96
Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#22553
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96
Байланысты:
LS и AR

Зерттеу міндеттірін білгілеу және зерттеу нәтижелерін көрсету   

Зерттеудің  бірінші  циклін  жоспарламас  бұрын,  оқытушыларға  осы сабақты  зерттеу 

процесі  барысында  өз  әріптестеріне  орындалған  іс-шаралар  мен  оның  нәтижелерін 

ұсынатындығын  ескерту  қажет.  Оның  негізінде  олар  процесс  барысында  қажетті 

материалдарды  жинауға  назар  аударады.  Осы  соңғы  қадамда  сабақты  зерттеу  тобының 

мүшелері осы зерттеуден қандай сабақ алғанын қарастырып, білімдерін жаңарта отырып, 

басқа адамдармен бөлісуге болатын негізгі қорытынды тұжырымдаманы анықтайды. Олар 

өз  зерттеулерінің  нәтижелерін  Power  Point  форматында  презентация  түрінде  ұсына 

отырып,  сабақ  жоспарын,  пайдаланылған  материалдарды,  бейнежазбаларды  немесе 

фотосуреттерді көрсету арқылы өздері енгізген жаңа тәжірибемен таныстыра алады.  

Зерттеу  нәтижелерін  ұсынудың  бір  тәсілі  -  нәтижелерді  мақала  ретінде  рәсімдеу 

және  баспасөзде  жариялау.  Бұл  жағдайда  оны  көбірек  адам  оқи  алады  және  оны  өз 

пайдасы үшін пайдаланады. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері бойынша коучинг сабақтарын 

өткізуге  немесе  мектепішілік,  аудандық,  облыстық,  республикалық  және  халықаралық 

семинар-конференцияларда және т. б. талқылауға ұсынуға болады. Сабақты зерттеу тобы 

әзірленген, бейімделген немесе жетілдірілген оқыту әдістемесін толық түсінуге көмектесу 

мақсатында,  Сабақты  зерттеу  тобына  басқа  оқытушылармен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік 




55 

 

беру  керек.  Себебі  бұл  жағдайда,  оқытушылар  әдетте,  оларды  қолданса  да,  айтпайтын, 



жасырын  (санада)  білімді  ашық  түрде  көрсете  алады.  Басқаларға  түсіндіру  арқылы 

оқытушылар  өздерінің  хабардарлығын  бағалауға  мүмкіндік  алады  және  осылайша 

білімдерін жетілдіре алады (Дадли, 2013). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет