3. Іс-әрекеттегі зерттеу - бұл өзгеріс енгізу мақсатында араласу
3a блогында оқу сыныбының мәнмәтіні толықтай сипатталған, ал 3b блогында
автордың араласуды қалай жоспарлағаны көрсетілген.
3 (а)-блок. Эксперимент және білім: араласу
"Мен Афина қаласындағы пилоттық орта мектептің үшінші сыныбында (14-15
жас аралығындағы оқушылар) қазіргі және ежелгі грек тілі мен әдебиетінің мұғалімі
болдым. Пилоттық орта мектептер мемлекеттік болып табылады және берілген
білімге қатысты, сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін оқушылардың
дайындығына қатысты тамаша беделге ие. "Пилоттық" термині - бұл қандай да бір
эксперименттік жұмыстың өткізілуін көрсетпейтін атау ғана. Оқушылардың ата-
аналары балаларының жетістіктеріне өте қызығушылық танытты. Зерттеу жобасын
жүзеге асырудағы қиындық оқушылардың мұндай процестермен таныс болмауында
болды, сонымен бірге, ата-аналар эксперимент өткізу идеясына теріс қарауы мүмкін.
Алайда, эксперименттік зерттеуді таңдап, мен оқушыларға оқу процесіне белсенді
қатысуға мүмкіндік бердім". (Цафос, 2009 ж., 198-бет)
3-блок(b). Эксперимент және білім: жалпы жоспар
"Өзімнің оқыту тәжірибеме сүйене отырып, мен индекстеуді (нұсқауды) дәріс беру
және оқыту әдісі ретінде қолдануды ұйғардым: топтарға бөлінген оқушылар процесс
жалғасқан кезде, тікелей көрсетілген немесе мәтіндерде кездесетін белгілі бір
тақырыптарды қарастыруға және осы тақырыптар бойынша ақпаратты барлық оқу
бөлімдерінен жинауға міндеттенеді. Тақырыптар келесідей болуы мүмкін: әйелдер,
құдайлар, саяси жүйе, қонақжайлылық, костюмдер және т. б. Бұл зерттелген
әдебиеттерде біртіндеп айтылатын тақырыптар; үнемі осы тақырыптармен жұмыс
жасай отырып, оқушылар мәтіндердің кейбір негізгі идеологиялық өлшемшарттарын
жақсырақ анықтауға және өңдеуге үйренеді. Осылайша, оқушылар ежелгі грек
мәтіндеріне сүйене отырып, ежелгі грек өркениеті туралы жалпы түсінік
қалыптастыру үшін ақпарат жинайтын санаттардың жиынтығын ескере отырып,
мәтіндермен танысады, мәтіндерді зерттеп, ақпаратты таңдау және бағалау әдісін
ойластырған жөн". (Цафос, 2009 ж., 199-бет)
|