ACTION RESEARCH ТӘСІЛІН ТӘЖІРИБЕЛІК ТҰРҒЫДАН ІСКЕ АСЫРУ
АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Іс-әрекеттегі зерттеу қолданбалы сапалы зерттеу болып табылады. "Іс-әрекеттегі
зерттеу" терминін алғаш рет Курт Льюин енгізді (1946). (Курт Льюин 1946). Льюин іс-
әрекеттегі зерттеуді жоспарлау, іс-әрекет және осы іс-әрекет нәтижелерін бағалау
кезеңдерін қамтитын спиральді процесс ретінде сипаттады (Kemmis, S. and McTaggart, R.
1990).
Өткен ғасырдың 60-жылдарында Іс-әрекеттегі зерттеу Англияда, содан кейін бүкіл
әлемде тарала бастады. Қазіргі уақытта Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімнің кәсіби дамуының
қуатты стратегиясы ретінде қарастырылады. Коллинз пен Дигид (1989) Іс-әрекеттегі
зерттеуді "жағдаятық оқыту" деп атайды: жұмыс орнында оқыту және жұмыс орны
туралы оқыту. (Collins, J. S. and Duguid, P. 1989) Мун (2006) іс-әрекеттегі зерттеуді
"мұғалімдер жұмыс істейтін ортадағы тәжірибе қызметі" ретінде қарастыруға
болатындығын баса айтады. Сонымен, проблемаларды өз бетінше анықтап, оларды
зерттей отырып, мұғалім өз тәжірибесін жақсы түсінеді және оны өзгертеді. (Moon, J.
2006).
Достарыңызбен бөлісу: |