Данияр Сүлейменов


Бақыт жолында үмітсіздікке жол бермеңіз



Pdf көрінісі
бет4/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Бақыт жолында үмітсіздікке жол бермеңіз 

Құрметті азаматша! Сіз еш уақытта басқа түскен қиындық себепті үмітсіздіктің өзіңізді жеңіп 

кетуіне жол бермеңіз. Сіз Алланың ардақты етіп

14

, сұлу етіп жаратқан пендесісіз. Сізге бұл 



жараспайды! Үмітсіз – шайтан ғана. 

14

 «Расында, Біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық» («Тин» сүресі, 4-аят) 



Үмітсіздік  –  адамның  өз  болашағына  сеніммен  қарауға  тосқауыл  болатын  дүние.  Қаншама 

адам  үмітсіздік  себебінен  өміріне  балта  шапса,  қаншамасы  көздеген  мақсатынан  мақұрым 

қалды. Абайдың сөзімен айтатын болсақ, үмітсіздік – антұрғандық

15

.  



15

 «Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де бір 

антұрғандық» (Абай, «Төртінші қара сөз»).  

Адам  көбіне  үмітсіздікке,  басына  қиындық  түскен  жағдайда  жол  беріп  қояды.  Ал  адамды 

үмітсіздікке салынудан тосатын бірден-бір күш – иман! Пайғамбарымыз былай дейді:  

«Мүміннің  жағдайы  қандай  ғажап!  Шын  мәнінде,  оның  әрбір  жай-күйі  өзі  үшін  қайырлы 

болмақ, бұл – одан өзгеге бұйырмаған бақыт. Ол қандай да бір қуанышты жағдайға тап болса, 

шүкір етеді. Мұнысы өзі үшін қайырлы болады. Ал басына бір қиындық түссе, сабырлылық 

танытады. Бұл да өзі үшін қайырлы болады»

16



16

 Мүслим, зуһд 64 

Хадис шәріпте баршамыз үшін өмірлік үлкен қағида жатыр. Ол: 

– Қуанышты жағдайда Аллаға шүкір ету; 

– Қиындықта сабырлық таныту. 

Жұдырықтай ғана жүрегі Алла деп лүпіл қаққан иманды жанға аталмыш қағида екі дүниесі 

үшін де қайырлы.  

Саналы ғұмырын тақуалыққа негіздеген алып тұлғалардың өміріне үңілер болсаңыз, басына 

келген қиындыққа сабыр етумен қатар шүкір еткенін көресіз. Яғни олар: «Бұл қиындықтан да 

ауыр қиындықпен сынамағаны үшін Аллаға шүкір етеміз!» – дейтін еді. 

Жоғарыда берілген Алла елшісінің хадисіне және төмендегі қасиетті Құран аятына қарасаңыз, 

Алла  тағала  адам  баласына  үмітсіздікке  салынуға  мүлдем  жол  қалдырмаған.  Тіпті  күнәда 

шектен шығып кеткен адамның өзіне Алла тағала қасиетті Құранда: «(Уа, Мұхаммед! Оларға 

Менің мына сөзімді жеткіз): «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан 

һәм  өздеріне  берілген  түрлі  нығметтер,  сезімдер  мен  қабілеттерді  орынды  пайдаланбай  зая 

қылған  құлдарым!  Алланың  рақымынан  үміт  үзбеңдер!  Өйткені  Алла  барлық  күнәларды 

кешіреді.  Расында,  Ол  –  Ғафур  (құлдарының  күнәлары  қаншалықты  ауыр  болса  да  тәубеге 

келген  жағдайда  өте  кешірімді),  Рахим  (ерекше  мейірімді)!»

17

  –  деп  баяндау  арқылы 



үмітсіздікке салынбауға шақырады. 

17

 «Зүмәр» сүресі, 53-аят 



Ендеше,  сіз  үшін  үмітсіздікке  салынуға  жол  жоқ.  Сіз  үшін  тек  қолда  бар  нығметтерге 

шүкіршілік айтып, қанағат білдіру арқылы алға қойған мақсатқа қарай ұмтылу ғана бар!  

Есте сақтаңыз: 

–  Өткінші  өмірдің  өткінші  қиындығына  бола  немесе  «ойлаған  дүниелік  бір  арманыма  қол 

жеткізе  алмай  қалдым»  деп  үмітсіздікке  салынбаңыз!  Алланың  нығметі  шексіз

18

,  бәріне  де 



жетеді. Тек үмітсіздікті тастап, еңбек ету арқылы алға, жарқын болашаққа қарай нық қадам 

бассаңыз болғаны!

19

 

18



 «Ол сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрін берді. Бергені соншалық – егер Алланың 

нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар. Шынында, адам баласы мүлдем 

рақметі жоқ, өте залым келеді» («Ибраһим», 34-аят) 



10 

 

19



 «Әуелі Құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер 

де береді, құр тастамайды» (Абай «Төртінші қара сөз»). 

Іштегі рухани күшті ояту 

Таң намазы мен жұмысқа ояну үшін ұялы телефонға қоңырау қоятын әдетіміз бар. Сол қоңырау 

ұйқыдан  оянуға  себеп  болады.  Бірақ  ол  уақытша  ұйқы.  Өмір  бойы  ұйықтап  өтетін  адамдар 

бар.


20

 Олар не істейді?  

20

 «Адам баласы ұйқыда, өлгенде барып оянады» (Әзірет Али) 



Мұның бір ғана жолы бар: ол – өзгеру. Адам Аллаға жалбарыну арқылы  

өзін өзгерткені жөн.  

Расында, қандай да бір қауым өз ішінде өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді

21

.  



21

 «Рағд» сүресі, 11-аят. 

Адам таңғы ұйқыдан ояну үшін қоңырау қойғаны секілді өмірде ғапылдықтан ояну үшін де 

өзінің жан дүниесіндегі қоңырауды, яғни, рухани күшті оята білуі қажет. Рухани күшті оята 

білу  адам  өміріне  үлкен  өзгеріс  әкеледі.  Ұйқыдағы  адам  айналасында  болып  жатқан 

жайттардан  хабарсыз  болғаны  секілді,  рухани  ұйқыдағы  адам  да  өмірдің  мәні  мен  өзінің 

жаратылыс мақсатын ұғынудан кенде қалады. Іштегі жасырын рухани күшті оята білген адам 

қандай қиындық болса да мойымайды. Алған мақсатына қарай нық сеніммен қадам басады. 

Ондай адамда сәл аялдау болғанмен, «тоқтап қалу» деген ұғым жоқ. 

Адамды  алға  ұмтылдыратын  іштегі  жасырын  күш  болмаса,  сыртқы  күштердің  әсері  аз  әрі 

уақытша. Сол себепті адам желкенді қайықтан гөрі жанармай мен жүретін кеме тәрізді болғаны 

жөн.  Себебі  желкенді  қайық  сыртқы  әсердің  яғни  желдің көмегімен  қозғалса,  жанармаймен 

жүретін кеме өзіндегі қуатпен жылжиды. Адам желкенді қайыққа ұқсаса, жел соқпаған күні 

жолда қалады. Сондықтан да адамды алға, биіктерге итермелейтін күш әуелі адамның өзінде 

болуы тиіс. Ал сыртқы әсер оған көмекші рөлін атқарады.  

Есте сақтаңыз: 

–  Адам  баласы  өзіндегі  бар  мүмкіндікті  пайдалана  отырып  өзін  бақытты  етуге  тырыспаса, 

ешкім оған бақытты әкеліп бермейді. Өмірімізді бақытты ету өз қолымызда!  

–  Қолда  барға  қанағат  ету  мен  рухани  жан  дүниесін  тазарту  арқылы  адамзат  баласы 

адамдықтың биік шыңдарына шыға алады. Бұған әрбір адамның шамасы жетеді, тек бір ғана 

шарт бар: ол – Алланың бұйрықтарын орындап, тыйғандарынан тыйылу. 

– Таңсәріде ұйқыдан ояну үшін қоңырау қойғаныңыз секілді өмірде ғапылдыққа ұрынбау үшін 

іштегі қоңырауды, яғни рухани күшті оятыңыз.  

Не үшін қайғырасыз? 

Қайғыру, мұңға бату, уайымға берілу – адам табиғатына тән нәрсе. Бірақ қайғының да өлшемі 

бар.  


Орынсыз қайғы адамның алға қойған мақсатына деген талпынысы мен белсенділігін азайтып, 

адамның өзін бақытсыз сезінуіне алып барады. Адам өмірін көңілсіз ету арқылы айналадағы 

өмірдің ғажайып тұстарын көруден тосады, өмірдің мәнін кетіреді. Орынсыз қайғы – адамның 

болмашы бір қиындық үшін қайғыға салынуы немесе Абай атамыздың сөзімен айтқанда, мал-

дүние  үшін  қам  жеуі

22

.  Мұндай  қайғыға  салыну  ардақты  етіп  жаратылған  адам  үшін  өзін 



төмендету болып саналады.  

22

 «Мағлұм (мәлім) болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам 



жемейді екен, мал үшін қам жейді екен...» (Абай «Бесінші қара сөз»). 

Адам үнемі қайғыға салынып жүре алмайтыны секілді қайғысыз да бола алмайды. Себебі өмір 

сынақтары адамды белгілі бір деңгейде мұңға батырмай қоймайды

23

. Тіпті қайғының өзі де 



адам үшін сынақ болып есептеледі. Пайғамбарымыз былай деген:  

23

 «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я 



көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» (Абай, «Бесінші қара сөз»). 


11 

 

«Алла тағала мұсылман құлының басына келген шаршап-шалдығу, ауру-сырқау, үрей, уайым, 



күйініш пен қайғы-қасірет секілді қандай да бір ауыртпашылық себепті, тіпті, қолына немесе 

аяғына кірген кішкене тікен үшін де оның күнәларын жарылқап кешіреді»

24

. Демек, қайғының 



өзі сынақ болса, жоғарыдағы қағиданы негізге ала отырып сіз сабырды қалқан етесіз. Осы сіз 

үшін қайырлы, мол сауап! 

24

 Бұхари, мәрда 1; Мүслим, бирр 49 



Басыңызға қайғы келсе, ұмытпаңыз: қиындықтан кейін міндетті түрде жеңілдік бар

25

. Қараңғы 



түн  артынан  күлімдеп  күн  шығарын,  қыстың  қатты  аязынан  соң  жадырап  жаз  келерін  де 

ескеріңіз.  

25

 «Инширах» сүресі, 5-6-аяттар. 



«Демек, әрбір қиындықпен бірге, сөзсіз, жеңілдік бар», «Иә, рас, әрбір  

қиындықпен бірге жеңілдік бар». 

Ақылды  адам  әрбір  сәтін  ақиреті  мен  дүниесінің  пайдасына  шешеді  деген  болатынбыз. 

Ендеше,  сіз  де  уайым-қайғының  өзін  ақиреттік  және  дүниелік  пайдаңыз  үшін  қолдануға 

тырысыңыз. Оның алғашқы қадамы: 

–  Орынсыз  қайғыны  тастап,  одан  құтылуға  көмекте-сетін  әрекетке  көшу

26

.  Себебі 



әрекетсіздік

27

, яғни, уақытын босқа өткізу және бос нәрселермен шұғылдану адамды күнәға, 



азғындыққа  итермелейді

28

.  Ал  күнәһар  адам  егер  дер  кезінде  тәубе  етпесе,  түбі  қайғы-



қасіретке душар болуы мүмкін.  

26

  «Әрбір  уайым-қайғы  ойлағыш  кісі  не  дүние  шаруасына,  не  ақирет  шаруасына  өзгеден 



жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш (әс-әрекет, жұмыс) болса керек. Енді 

олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма 

екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым қайғы 

қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық қарекет (әрекет, іс, жұмыс) табу керек һәм 

қылу керек. Әрбір орынды қарекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкімен азайтпа, 

орынды қарекетпен азайт» (Абай, «Төртінші қара сөз»). 

27

  Теннисон  өзінің  жақыны  қайтыс  болғанда:  «Мен  шұғыл  еңбекке  берілмесем,  қайғының 



астында қаламын» – деген. 

28

 Тамағы тоқтық,  



Жұмысы жоқтық. 

Аздырар адам баласын (Абай). 

–  Орынсыз  қайғының  орнын  ұлы  мақсаттарға  негіздел-ген  орынды  уайым-қайғымен 

алмастырыңыз

29

. Оның әуелгісі:  



29

 «Орынсыз, бос нәрсемен айналысуға өмір тым қысқа» (Андре Моруа). 

– Аллаға деген құлшылығыңызды уайымдау. Яғни, Алла тағаланың құзырында құлшылығым 

қабыл  болды  ма,  жоқ  па?  –  деген  уайым.  Осы  нәрсе  сізге  ғибадатқа  мұқият  қарауға  әрі 

құлшылықта тереңдеуге көмектеседі.  

– Екінші, басқалардың бақытын ойлап уайым жеу. Оған сіздің ата-анаңыз, отбасыңыз, бала-

шағаңыз, ағайын-туыс құрбы-дос т.б. жатады

30

. Мысалы сіз, ұл-қызыңызды еліне, жеріне, тілі 



мен  дініне  адал  қызмет  ететін  салиқалы  ұрпақ  етіп  тәрбиелеуді  көздеп,  осынау  ұлы  мақсат 

жолында  уайым  жеп,  қайғы  ойласаңыз,  демек,  сіз  бұл  жолда  барыңызды  саласыз,  қандай 

қиындық  болса  да  төтеп  бересіз.  Себебі  ұлы  мақсат  жолында  уайым  жеп,  қайғы  ойлаған 

адамның, Абай атамыз айтқандай, қолға алған ісі мен шаруасы өзгенікінен жинақырақ келеді. 

30

  Ешбірің  өзіне  қалағанын  мұсылман  бауырына  да  тілемейінше,  толық  иман  еткен  болып 



саналмайды. (Бұхари, иман 7; Мүслим, иман 71) 

Өзіңіз  ойлап  көріңізші,  әрбір  әйелдің  уайым-қайғысы  осындай  болса,  қоғамда  қаншама 

салиқалы ұрпақ пен өзгелер үшін өмір сүретін небір алып тұлғалар жетіліп шығар еді?!  



12 

 

Сіз  де,  құрметті  азаматша,  осы  қағиданы  жаңғыртыңыз.  Орынсыз  қайғы  емес,  ұлы  мақсат 



жолындағы уайым мен қайғы сіздің бойыңыздан көрініс тапсын!  

Алла тағала сізді жақсы көргенін қалайсыз ба? 

Білесіз бе, Құранда Аллаға сүйікті болған құлдардың сипаттары баяндалған. Құран кәрім және 

ардақты  Пайғамбары  арқылы  Алла  тағала  бізге  кімдерді  жақсы  көретінін  айтады.  Өкінішке 

қарай, біз көбінесе бойдағы кемшіліктерге мән бермейтініміз тәрізді, қай сипатқа ие болғанда 

Аллаға ұнайтын құл болатынымызға да мән бере бермейміз. Негізгі көксейтініміз де Алланың 

разылығы емес пе?  

Құрандағы Алла жақсы көретін құлдардың сипаттарын білу өмірімізге үлкен өзгеріс енгізеді. 

Мысалы, сіз сабырсыз адам болсаңыз, «Алла сабырлы жандарды жақсы көреді»

31

 деген аяты 



бірте-бірте  сабыр  иесі  болуыңызға  көмектеседі.  Ал  «...Алла  ізгі  жандарды  жақсы  көреді»

32

 



деген аят сізді жақсылыққа құлшындырып, ізгілердің қатарынан болуға жетелейді.  

31

 «Әли Имран» сүресі, 146-аят. 



32

 «Бақара» сүресі, 195-аят. 

Аллаға ұнау үшін өзін өзгерте білген адамның мінезі көркем, иманы кәміл болады

33

. Енді сол 



сипаттарды Құраннан келтіре кетейік: 

33

 Мүміндердің иман тұрғысынан ең кемелі – мінез-құлқы ең жақсы болғаны (хадис). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет