Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін қандай



Pdf көрінісі
бет329/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   341
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық С1

15. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін қандай 
мәселеге арналған?   
№15
Жеңіл өнеркәсіп: ізденістер мен іркілістер
Әлеуметтік-экономикалық  маңызы  зор  бұл  саланы  дамытуға 
әлемнің  көптеген  елдері  әлдеқашан  түбегейлі  бетбұрыс  жасаған. 
Мәселен,  жеңіл  өнеркәсіптің  үлесі  АҚШ,  Италия,  Германия,  Қытай, 
Португалия,  Түркия  сияқты  дамыған  елдерде  12-20  пайызды 
құрайды.  Қытай,  Үндістан,  Түркия,  тіпті  іргедегі  Қырғызстан 
мен  Өзбекстан  мемлекеттері  табысының  қомақты  бөлігін  жеңіл   
өнеркәсіп  тауарларының  экспортынан  түсіруде.  Соңғы  жылдары 
қырғыз  елінің  ішкі  жалпы  өніміндегі  жеңіл  өнеркәсіп  үлесі   
30  пайыздан  асты.  Ал  қазіргі  таңда  Қазақстандағы  қайта  өңдеу 
өнеркәсібі  саласындағы  жеңіл  өнеркәсіптің  үлесі  1,2  пайызды 
құрайды.
Қазақ КСР жеңіл өнеркәсібінің тоқыма, тігін, аяқ киім, тері-ұлпан 
өнер-кәсібі  салаларында  1  мыңнан  астам  іргелі  кәсіпорындар 
жұмыс істеді. Олардың ішінде мыңдаған қазақстандықтардың өмір 
мектебі  –  сүйікті  еңбек  ұжымына  айналған  Алматы  мақта-мата 
комбинатын  (АХБК),  «Жетісу»,  Жамбыл  аяқ  киім  кәсіпорындарын,   
«Большевичка»  тігін  комбинатын,  М.Мәметова  атындағы  тігін 
фабрикасын,  Қостанай,  Семей  мауыты-шұға  комбинаттарын 
ерекше атауға болады. Тағы бір айрықша еске салатын бір мәселе, 
сол  уақытта  Қазақ  КСР  жеңіл  өнеркәсібінің  табысы  ел  бюджетінің   
25 пайызын қамтамасыз етіп тұрған болатын.
Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің соңғы ширек ғасыр көлеміндегі 
тіршілігін саралайтын болсақ, республикамыздың өнеркәсіп өндірісі 
көлеміндегі  үлесі  1990  жылы  15,8  пайызды  құраса,  2000  жылы   
2,3  пайызға  дейін  қысқарып,  2011  жылы  0,1  пайызға  дейін 
құлдыраған. Қазақстан жеңіл өнеркәсібі саласында тек 2016 жылы 
ғана  жұмыс  істеп  тұрған  79  кәсіпорынның  27  пайызы  жұмысын 
тоқтатқан  екен.  Жыл  ішінде  еліміздің  тоқыма  өнеркәсібіндегі   
12  кәсіпорын  (33  пайыз),  киім  тігу  өнеркәсібіндегі  8  кәсіпорын 
(22 пайыз), тері бұйымдарын шығаратын 1 кәсіпорын жабылған. 
Қазақстан  жеңіл  өнеркәсібінің  осыншама  тұралауының  басты 
себебі не?
Тығырықтан шығар жол қайсы?
(«Егемен Қазақстан» газеті)


323


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет