16. Мәтінді тыңдаңыз. №16
Бөдене бизнесі бізге бөтен емес (А. Адаевтың «Мұғалжар» газетіне берген сұхбатынан үзінді) Тауықтың балапанын бағу бір бөлек, ал бөденені өсіру үшін
біраз тер төктік. Бұл құстың түріне үлкен бап керек. Ең алдымен,
ғаламтордан таңдаған бағдарламамен қалай жұмыс жасау керек
екендігін зерттеп қарап, анық-қанығын білген соң бөдене өсіруді
қолға алдым. Негізінен, «Жұмыртқадан жұмыртқаға дейін» деген
бағдарлама бар. Ол – ең алдымен, жұмыртқадан құс, одан қайта
жұмыртқа өндіру. Осы бағдарлама арқылы бөдененің жұмыртқасын
іздеп еліміздегі бірнеше қаланы аралап, ақырында Қостанай
қаласынан 1200 дана жұмыртқаны 70 теңгеден сатып әкелдім.
Алғашында қиын болды. Өйткені әкелген жұмыртқаның 500-і
ғана балапанға айналып қалғаны жарамсыз болып қалды. Кейін
Ресейдің Омск қаласынан тапсырыс арқылы жұмыртқадан балапан
шығаратын құрылғыны алғыздым. Жұмыртқа ол құрылғыда 16
күнге жуық тұрып, кейін 3 күн ішінде балапан шыға бастайды.
Балапандарға 44 күн бойына «Рост», «Старт» деген азықтарын бердік.
Одан өзге дәнді–дақылдар біріктірілген өнім бар. Ол тек Ресей елінде
өндіріледі. Сол жақтан тапсырыс арқылы алып отырмыз. 44 күн
арнайы дайындалған азықпен қоректеніп өскен бөдене жұмыртқа
бере бастайды. Тағы бір айта кететін жайт – бөдененің тек етінің
салмағы 280-290 грамды құрап отыр.
Жалпы бөдененің түрі көп. Соның Қазақстанда қоректене
алатын үш түрін өсіріп жатырмын. Олар Техас, Монжурский, Фараон.
Олардың әрқайсысының бабы ерекше. Бұл құстардың түрі өте нәзік
келеді. Уақытылы мөлшермен тамағын бермесе, +18, +20 градус
жылылық болмаса, жиі жарық жақсақ та, көп адам кірсе де жұмыртқа
бермейді. Бүгінде осы кәсіп арқылы екі отбасын жұмыспен қамтып
отырмын. Олар кезекпен бөденелерді бағуда.
(Baq.kz)