Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдап, сіз ойлаған сөздердің



Pdf көрінісі
бет337/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   341
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық С1

23. Мәтінді тыңдап, сіз ойлаған сөздердің 
сәйкес келіп-келмегенін анықтаңыз.             
№23
Көкшетау
  (Сәкен Сейфуллин)
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп-кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында
Әрқайсы алтын кесе аясында
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті.


330
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы.
Қасында көк желекті аппақ қайың.
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған.
Еш адам оны барып қия алмаған,
Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған.
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң-дағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
Сары алтын Көкшетаудың ерте-кеші,
Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп,
Суретті шежіресі өткен күннің,
Сілекей ағызады ертегісі.
Талай сыр ертегіні ел айтады,
Ызыңдап таудан соққан жел айтады.
Сырласып сыбырласқан жапырақтар,
Күндіз-түн күңіренген көл айтады.
Толғанып төмен қарап шал айтады,
Тамсанып, таңырқанып бала айтады.
Тау-тасты тұнжыраған куә қылып,
Отбасы қатын-қалаш – бәрі айтады.
Ертегі болмаса да хатта қалған,
Аузында шежіренің қартта қалған.
Қарттардың баян қылған әңгімесін
Есіткен кейінгілер жаттап алған.
Жеке батыр
Болыпты баяғыда Жеке батыр...
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгеше ұйықтап жатыр.
Сол батыр осы күні бір үлкен тау,
Көз жұмған көкке қарап сыры үлкен тау.
«Ұйықтаған батыр» дейді таудың атын,
Адамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау.
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,
Денесі биік жота, таудай басы,
Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,
Киюлі баста жатыр дулығасы.


331


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет