Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


 Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін мазмұны



Pdf көрінісі
бет338/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   341
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық С1

24.  Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін мазмұны 
мен сіздің болжамыңыз қаншалықты 
сәйкес келді? Талқылаңыз.       
№24
Талдықорған  қаласындағы  облыстық  стоматологиялық 
емхананың 
директор 
орынбасары 
Байдыбекова 
Толқын 
Өрісбайқызымен сұхбат (үзінді)
-  Балаларда  көп  кездесетін  тіс  ауруының  түрі  қандай?  Бұған   
басты себеп не?
-  Балаларда көп кездесетін тіс ауруының түрі – тіс кариесі. Бұл 
–  азу  тіс  шыққаннан  кейін  байқалатын  құбылыс.  Кариес  қалыпты   
тістерді де, сүт тістерін де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына 
негізінен  стрептококк  бактериясы  әсер  етеді.  Бактериялар  түрлі 
тәтті,  жұмсақ  тағамдарды  көп  жегеннен  қышқыл  ферменттердің 
бөлініп  шығуынан  пайда  болады.  Одан  тістің  қатты  тіндері 
жұмсарып,  бұзыла  бастайды.  Сонымен  қатар,  тамақтан  кейін  ауыз 
қуысын  дұрыс  тазаламаудан,  жеке  тіс  гигиенасын  сақтамаудан 
пайда болады. Алғашында тістің сыртқы бөлігінде ақ дақтың пайда 
болуынан басталады. Ауырған жерде тістің дентині шіріп, ойылады. 
Осы кезде емдемесе, одан әрі тіс ұлпасы зақымдалып, ойық тереңдей 
түседі. Салдарынан  тіс ұлпасының қабынуы дамиды. Кариестің одан 
әрі  асқынуы  салдарынан  тіс  айналасындағы  тіндердің  және  сүйек   
қабығының    қабынуы  мүмкін.  Асқынудың  аса  ауыр  түрлеріне  жақ 
сүйегінің қабынуы, жақты жауып тұратын жұмсақ тіндердің едәуір 
мөлшерде іріңдеуі жатады.  Мұндай жағдайда тісті жұлып тастауға 
тура келеді. Сондықтан жылына міндетті түрде 2 рет стоматологке 
қаралып тұрған жөн.
Келесі, стоматит. Бұл – ауыз қуысының ойылуы немесе ауыздың 
шырышты-кілегей  қабығының  қабынуы.  Егер  тіл  ойылса,  глоссит, 
қызыл иек ойылса гингивид деп аталады. Мұның пайда болу себептері 
әр  қилы.  Мысалы,  дәріге  аллергия,  дәрумендердің  жетіспеушулігі, 
қызылша,  тұмау  сынды  жұқпалы  ауруларға  шалдығу,  жүйке 
жүйесінің,  ішкі  ағзалардың  созылмалы  аурулары,  зат  алмасудың 
бұзылуы т.б. болуы мүмкін. Сондай-ақ стоматит жыныстық жетілу 
кезінде  немесе  ақыл  тіс  кеш  шыққанда  болады.  Мұның  алдын  алу 
жағдайларын  жасауға  болады.  Ол  үшін  ауыз  қуысын  күнделікті 
қайнаған сумен бірнеше мәрте шайып тұру керек. Қайнатылған суға 
йод, ас содасы, тұз қосуға болады.
Сарымсақ  бөліктерін  алып,  тіс  иектерін,  таңдай,  тіл,  еріндерді 
ысқылау  да  көмектеседі.  Түймедақ,  жалбыз,  сәлбен  секілді  дәрілік 
өсімдіктер тұнбасымен ауыз қуысын шаюға болады.


332
Біздің халық көбінесе ауруға мән бермей жүре береміз. Кез келген 
ауруды. Содан кейін асқындырып аламыз да опық жейміз. Сондықтан 
ауырмасаңыз да дәрігерден жылына бір рет толық тексеруден өту 
керек.
(«Жәрдем» медициналық газеті)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет