327
ретінде тапсырылатын қорға тиісті болуы керек... Сөз етіліп жатқан
пайыздар мынадай бес бағытқа тең бөлінеді: бірінші – физика
саласында ең үлкен жаңалық ашқандар; екінші – химия бағытында
ең ерекше жаңалық ашқан, яки, осы саланы дамытуға үлес қосқандар;
үшінші – физиология, медицина саласында ең үлкен жетістікке
жеткендер; төртінші – әдеби бағытта ең ерекше көркем шығарма
тудырғандар; бесінші – ұлттарды ынтымақтастыру, құлдықты жою,
армия санын қысқарту және бейбітшілік әрекеттерін жүзеге асыруға
үлес қосқандар үшін... Менің жеке қалауым – сыйлықтарды беруде
үміткерлердің қандай ұлттан екеніне мән берілмесін!». Сонымен,
Нобель өсиеті бойынша осы сыйлық тек қана бес бағытта берілетін
болған. Олар: әдебиет, физика, химия, физиология және медицина
(1901 жылдан Швецияда беріледі), бейбітшілік (1901 жылдан
Норвегияда беріледі).
1969 жылдан Швеция банкі тарапынан экономика саласы
бойынша Нобель сыйлығы берілетін болған. Оны беру шарттары
ілгерідегілермен бірдей. Осыдан кейін Нобель қоры басқармасы
номинациялар санын көбейтпеуді бекітті.
(https://massaget.kz/)
Достарыңызбен бөлісу: