Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақ дайындап



Pdf көрінісі
бет336/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   341
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық С1

22. Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақ дайындап,  
топқа қойыңыз.               
№22
Қазақстандағы туризм түрлері
Қазақстандағы туризм түрлері 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі 
туристік ұйымының тізіміне енді. Дәл осы жылы туризмді дамыту 
бағдарламасы дайындалып, 1997 жылы Ұлы Жібек Жолының тарихи 
орталықтарының  өркендеуі,  түркі  тілді  мемлекеттердің  мәдени 
мұраларын сақтау және туристік инфрақұрылымды құру бойынша 
мемлекеттік бағдарлама бекітілді.


329
Қазақстанда  туризмнің  дамуы  үшін  барлық  қажетті,  мәдени,   
тарихи,  географиялық  және  климаттық  жағдайлар  бар.    Бізде   
туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. Олар: этнотуризм, 
тау  туризмі,  емдік-сауықтыру  туризмі,  мәдени-танымдық  туризм, 
аңшылық пен балық аулау және т.б.
1.  Этнотуризм  –  Қазақстандағы  елдің  бай  тарихи  өткені  мен 
қазақ  халқының  мәдениетіне  қызығатын  адамдарды  тартатын   
туризмнің  бір  түрі.  Қазақстанның  қай  аймағында  болмасын 
жолаушылар  қазақ  этносына  тән  салт-дәстүрмен,  шығармашылық 
ерекшелікпен    танысып,  елдің  мәдениеті  мен  тұрмыс-тіршілігін 
зерттей алады.
  2.  Тау  туризмі.  Қазақстан  –  тау  туризмі  үшін  қолайлы  ел.   
Себебі жабайы табиғатпен етене жақындасуға, қарлы тау шыңдарына 
шығуды ұйымдастыруға, жол-жөнекей жұмбаққа толы үңгірлер мен 
көгілдір терең көлдерді тамашалауға мүмкіндік бар.
3.  Емдік-сауықтыру  туризмі.  Еліміз  емдік  табиғи  ресурстарға 
ғана бай емес, сонымен бірге табиғаты тамаша өңірлерде орналасқан 
заманауи  шипажайларымен  де  танымал.  Емдік-сауықтыру  туризмі 
Қазақстанның барлық аймағына таралған, сондықтан сіз елдің қай 
жерінде болсаңыз да, емделу мен демалысты қатар жүргізе аласыз. 
Шипажайлар  түрлі  ауруларға  ем  болатын  минералды  суын,  марал 
мүйізімен емдеуді және т.б. емдеу түрлерін ұсынады.
4.  Мәдени-танымдық  туризм.  Елімізде  25  мыңнан  астам 
ескерткіштер мен географиялық көрікті жерлер бар. Бұлар Қазақстан 
жеріндегі мәдениет дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.
5. Аңшылық пен балық аулау. Бұл адам мен табиғат байланысының 
бір бөлігі іспеттес. Аңшылық пен балық аулау арқылы  адам күнделікті 
тұрмыс-тіршіліктен бір сәтке босап, сергек күйді сезінуге мүмкіндік 
алады.  
(https://massaget.kz/)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет