328
бір саласымен тікелей шұғылданбаған, тек жанама қатысы бар
редакторлар да құрастыра береді. Екеуінде айырма бола ма, жоқ па,
оны өзіңіз ойлаңыз.
Энциклопедия құрастырудың бірінші шарты – қажеттілік.
Сіздің еліңізде, сіздің тіліңізде энциклопедияға зәрулік, мұқтаждық
бар ма? Мәселен, қазақ тілінде энциклопедия керек пе еді?
Қазақстанның алғашқы энциклопедиясы он екі томдық «Қазақ
совет энциклопедиясының» құрастырылғанына енді ғана қырық
жыл болды. Қазақ ғылыми білімі жетіліп, жинақталған кезде
құрастырылды. Яғни, екінші шарты – ғылыми әлеует екен.
– Энциклопедияның онлайн түрінің қолданысқа толық енуіне
не кедергі? Уикипедия энциклопедияның орнын басып кеткен жоқ
па?
– «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының онлайн түрі
қазірдің өзінде шықты деуге болады. Өкінішке қарай, уикипедияда
жүрген деректердің көпшілігі он томдық энциклопедиядан
алынғанын байқаймын. Кейде гуглдан бірдеңе іздесем, баяғыда
өзім жазған немесе өзім редакциялаған ұлттық энциклопедияның
мақаласы шыға келеді. Менің білуімше, уикипедия жасаушылар
мен ұлттық энциклопедияның меншік иесі екі бөлек заңды
тұлға. Компьютерде сақтаулы тұрған он томдық қыруар еңбектің
уикипидея болып шыға келгеніне таңғалғанмын.
Иен байлықты иелене кеткен уикипедияшылар енді әрі қарай
оқсатып алып кетсе жақсы. Оның да шарттарын байқап көргем, әр
мақаланы әрі қарай әркім дамытып, күзеп-түзеп отыруға болады
екен. Егер оны сәтімен жасаса, болашақта, бәлкім, том-том кітаптың
орнын уикипедия басар. Дүниенің бәрі онлайнға көшіп жатқанда,
бұрынғыдай кірпіш кітаптар керек пе, жоқ па деп, ойланып қоямын.
– Әңгімеңізге рақмет!
(«The Qazaq Times»)
Достарыңызбен бөлісу: