Қолдың ұшымен саусақтарды массаждау. Қолдың бұл бөлігінде өте қысқа бұлшық еттер
орналасқан. Алақанда екі дөңіс бар, ол бас бармақтың және кішкене саусақтың түбіндігі бұлшық еттер.
Алақан сүйектерінің арасында өзара байланыстырып тұратын сүйекаралық еттер нығыз орналасқан.
Білек бұлшық еттері тарамысқа жалғасып, саусақтарға жетеді. Онда тарамыс екіге бөлінеді, біреуі -
саусақтарды иеді, екіншісі – жазады.
Саусақтың ұсақ сүйектері, алақанның сүйектері және білезік сүйектері бір-бірмен тығыз
байланыста. Ондағы буын қабы өте қалың. Сондықтан да қолмен барлық жұмысты атқаруға болады.
Қалам қарындаштан бастап, күрек - балта, тіпті одан да мықты заттарды ұстауға тек адамның қолы
жаралған. Қолдың осындай күшін сақтау үшін массажды дұрыс қолдана білу керек.
Қолдың басына қолданатын массаждың тәсілдері: сипау, ысқылау, саусақтарды қимылдату.
Саусақтардың ұшынан бастап түбіне қарай, одан ары алақанның іш – сыртын қапсыра ұстап
білезікке қарай сипайды. Саусақтарды массаждағанда бірінші – екінші саусақтардың арасымен барлық
орындалатын тәсілдерді қолданады. Олардың ішінде ысқылаудың бірнеше түрі бар. Мәселен
штрихтау, иректеу, шиыршықтау, штопор тәрізді ысқылау.
Буын қабынып ауырғанда және зат алмасуы бұзылғанда әр буынның арасына массаж жасайды.
Оны сипайды, ысқылайды, басып, созып жұмсартады, саусақтың ұшынан ұстап иіп жазып,
айналдырып қимыл – қозғалыс жасайды. Мұның бәрі саусақтарға қан жүруін жақсартты, ісігін
қайтарады. Ал саусақты тұтас қамтығанда, бас бармақтың ұшымен, оның сыртын, одан кейін сұқ
саусақпен алақан жағын массаждайды. Алақан терісін жеңіл сипап өтіп, білезікке қарай батыра
ысқылайды. Мұнда массаж жасаушы науқастың қолын екі саусақ емес, барлық алақанмен қамтып
ұстайды. Сөйтіп алақанды, білезікке тіреп, ауру адамның алақаны көлденең түзу-сызықтармен із
қалдыра ысқылайды. Бас бармақпен алақанның ұсақ сүйектерінің арасын жеке-жеке сипап,
ысқылайды. Мұның өзі сол жерлерде тарамыс тартылса, не түйін пайда болса, соны жазып жіберуге
жәрдемін тигізеді.
Білезік буынын сипағанда оның арасында саңылау білінеді. Ол кәрі жілік пен білезік сүйегінің
арасындағы қуыстар. Бұлшық ет аз болған соң ол саңылаулар қолдың екі жағынан бірдей байқалады.
Буында тарамыс, сіңір, буы, қабы терінің астындағы сүйектің үстінде орналасқан. Бұл жерге массаж
жасағанда, массаж жасаушы науқастың қолын, бір қолмен ұстап отырады да, екінші қолдың бас
бармағын сол буынның ішіне кіргізгендей қимыл жасайды. Көбінесе ысқылауды қолданады. Қолдың
басын иіп немесе қақайта ұстап жан – жағын толық ысқылап шығады. Егер буынның үстінде ісік
болса, онда И.М.Саркизов- Серазинидің айтуынша , қолдың сыртына көшеді. Массаждың дірілдету,
қозғау, қағу тәсңлдерін де қолданады.
Буын зақымданғанда массаждан бірден жасамайды. Алдымен ісікті қайтаратын, яғни
зақымданған жерден жоғары, мәселен білекті массаждайды. Массаж 10-15 минут жасалады. Ұзақтығы
10-12күн.
Білекке массаж жасау үшін оны 110 градус иіп ұстайды. Қолды қапсыра ұстап, іші-сыртын
шынтаққа дейін сипайды. Одан соң әрбір бұлшық етке жеке әсер етеді.
Массаж жасаушы бір қолмен аурудың қолының басынан ұстап тұрып, екінші қолмен
саусақтың басынан иықтың ортасына дейін сипайды. Үздіксіз кідірмелі сипағаннан кейін, жарты
шеңбер жасап ысқылайды және көлденең жұмсартады. Сол сияқты білекке дірілдету тәсілінің де
бірнеше түрін қолданады.
Білек бұлшық еттерін жеке жеке екі қолмен бірдей массаждауға болады. Мұнда білезік буыннан
бастап шынтақ және кәрі жіліктің бойымен жоғары бағытпен сыртық және ішкі айдаршыққа дейін
сипайды. Шынтақ буынына жеткенде қолдың саусақтары бір бірімен түйіседі. Сипағанда,
жұмсартқанда бұлшық еттердің талшықтарымен жоғары бағытталады, ал басқа тәсілдерде оны
ұстамай-ақ қойса да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |