Шынтақ буынын массаждау. Бұл буынның өзі күрделі үш буыннан тұрады: иық пен шынтақ,
иық пен кәрі жілік шыбығы, шынтақ буындары мен кәрі жілік шыбығы. Осылардың бәрі бір буын
қабының ішінде орналасқан.
Кәрі жілік қуысы түзу ұстағанда сырт жағынан жақсы көрінеді. Ол кәрі жілік шыбығының бас
жағында тоқапақ жіліктің төменгі жағында орналасқан.
Шынтақ буыны екі жағынан сіңірлермен тартылып, берік ұсталған. Оның сыртқы қабына қарай
массаж жасауға болады.
Ол үшін науқас қолын бүгіп столға қояды, өзі қасында отырады не жатады. Буынды шынтақ не
кәрі жілік шыбығы жағынан, алдынан және артынан массаждайды. Массаж жасаушы бір қолымен
аурудың бір білегін ұстап тұрады да, екінші қолымен массаж жасайды.
Буынның айналасын алақанмен бірнеше қайтара сипап шығады, одан соң бас бармақпен немесе
төрт саусақпен буынның ішіне батыра ысқылайды. Тек шынтақ буынына массаж жасай отырып, оны
қимылдатуға болады , және жоғары иықтың екі басты, үш басты бұлшық еттерін қами кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |