а және ы дыбыстарынан кейін қысаңдардан тек ы қолданылады.
а, е, і дыбыстарынан кейін қысаңдардан тек і қолданылады
о және у дыбыстарынан кейін қысаңдардан тек у қолданылады
ő және ÿ дыбыстарынан кейін қысаңдардан тек ÿ қолданылады
а және ы дыбыстарынан кейін ашық дыбыстан тек а қолданылады.
ä, е, і дыбыстардан кейін ашық дыбыстардан тек е қолданылады.
о және у дыбыстарынан соң ашық дыбыстан тек а қолданылады.
ő және ÿ дыбыстарынан кейін ашық дыбыстан тек ő қолданылады»
/19,16/.
Біздің байқауымызша, ғалымның ұсынып отырған тізбегінен
көріп отырғанымыздай дауыстылардың сөз ішінде қолданысында
қазіргі қазақ тілінен айырмашылығы жоқ. Назар аударатын жай
П.М. Мелиоранскийдің тізбегінде алғашқы буындағы дыбыс
еріндік болса, онда келесі буындарда да еріндік дауысты
дыбыстардың қолданылуы. Яғни бұдан шығатын қорытынды ол
дәуірде ерін үндестігі қазақ сөзінің өне бойында сақталған деп
айтуға болады. О дауысты дыбысының қолданысы туралы айтқанда
В.В. Радловтың пікірін қолдап П.М. Мелиоранский: «В казакь -
киргизском языке после «о» не может стоять «о», а только «а» или
"у", в остальном – те же явления, что и в кара-киргизском языке»
/19,19/ - дейді. Бұл пікір қазіргі қазақ тілінде де өзінің заңды күшін
толық сақтаған десек те болады. Тілде алғашқы буында о дыбысы
қолданылса, кейінгі буындарда о дыбысының қолданылуы
кездеспейді. Яғни басқа кейбір түркі тілдеріне қарағанда қазақ
тілінде о дыбысы өзінің тартым күшін жоғалтқан дыбыс ретінде
қарастырылады. Сөз соңында П.М. Мелиоранскийдің В. Радлов
29
ізімен қазақ тілінің негізгі заңдылықтарына сүйене отырып айтқан
мына пікірін ұсынбақпыз: «По основному закону киргизкой
фонетики во всех коренных и производных словах и во всех
грамматических оброзованиях существует известное соответствие
между гласными звуками первого или коренного слога с
следующих за ним слогов, а именно:
а) В одном и том же слове могут стоять или только твердые или
только мягкие гласные. В киргизком языке невозможно сочетании
вроде «а - е, ы – у» и. т. п.
б) Только долгое і считается как бы нейтральным, почему и
возможны формы вроде џілды (они собрались).
Кроме того все гласные могут разделены еще на «широкие»
(а, ä, е, о, ö ) и «узкие» (у, ÿ, ы, і)» /19,15/.
Пікірдің а) тармағында көрсетілген заңдылық қазіргі қазақ
тіліндегі тіл үндестігі заңдылығының сөздің алғашқы буынында
жуан дауысты дыбыс қолданылса, келесі буындарда да тек жуан
дауысты дыбыстар қолданылады деген заңдылығымен толық
сәйкес келетініне көз жеткізуге болады.
В.В. Радлов сөз ішінде дауыстылардың кезектесіп келуі
мәселесін сөз еткенде ең алдымен төлеуіт тілі вокализм жүйесіне
сүйенген. Өйткені ғалымның пікірі бойынша түркі тілдерінің
ішінде Төлеуіт диалектісі «дауыстылар жүйесі мейлінше таза түркі
тілінің ерекшеліктерімен сипатталатын оңтүстік диалекті» /11,12/.
Автор қалған түркі тілін сипаттауда Төлеуіт диалектісіне сүйенеді.
Сол себепті де бұл зерттеу еңбегінің ішінде орталық негізгі орынды
алып отырғаны Төлеуіт диалектісі. Жалпы ғалым зерттеулеріне
сүйенсек, бір вокализмдік жүйеге бағынатын түркі тілдерінде
дауысты дыбыстардың саны жеті мен он бір арасында құбылып
тұрады. Мысалы, «Төлеуіт диалектісінде түбір және қосымша
буында бірдей қолданылатын 8 дауысты дыбыс бар. Ол дауыстылар
мыналар: а, ä, о, ö, u, ü, у, і. Бұл дауысты дыбыстардың барлығы да
тілде палаталь және лабиал-аффинитет болып айқын ажыратылады.
Соған орай біз дауысты дыбыстарды әр түрлі топтарға ажыратып
отырмыз. Олар:
төрт гуттурал (жуан) дыбыстар: а, о, у, u.
төрт палаталь (жіңішке) дыбыстар: ä, ö, ü, і.
әрі қарай: төрт денталь (тіл) дыбыстары: а, у, ä, і.
төрт лабиал (ерін) дыбыстары: о, ö, u, ü.
Тарылу жолына қарай келесі топтарға бөлінеді:
30
төрт ашық дыбыс: а, ä, о, ö.
төрт қысаң дыбыс: у, і, u, ü» /11,5/.
Байқағанымыздай бұл диалектідегі дауыстылар қос-қостан
жуанды жіңішкелі жұпты құрайды.Ұсынылып отырған жіктеуге көз
жүгіртетін болсақ төлеуіт тіліндегі дауыстылар мен қазақ тілі
дауыстыларының толық сәйкестігін аңғаруға болады. Яғни төлеуіт
тіліндегі дауысты дыбыстар сапасы және саны жағынан қазақ
тіліне жақын. Өзгешелік ретінде тек е және ә дыбыстарының бір ä
таңбасы арқылы берілуін айтуға болады.
Бұдан басқа біз төлеуіт тілінде дауысты дыбыстар барлық
бағытта да дауыстылар жұбымен топтастырылғанын байқаймыз.
Бұл да қазақ вокализмінің көрсеткіші іспеттес. Оны біз
дауыстылардың жұптасып келуін анық түсіндіре алатын келесі үш
кестеден көре аламыз.
ашық
қысаң
гуттурал
палаталь
Достарыңызбен бөлісу: |