Түркі және қазақ тілдеріндегі дауысты
дыбыстардың қолданылу сипаты.
«Фонетиканың» алғашқы тарауында В.В. Радлов дауысты
дыбыстардың үндестік заңына төмендегідей талдау жасайды:
«а)
Әр түрлі диалектілерде дауысты дыбыстар мен
дауыссыздардың кезектесіп келуі.
1. Барлық түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың қолданылуы
белгілі бір қатаң түрде сақталған тәртіпке негізделген. Ол тәртіп
дауыстылар үндесуі деген атаумен аталады. Және әр түрлі
дауыстылардың, алдында тұрған дауысты дыбыспен тығыз
байланысты болуымен сипатталады. Бұндай жалпы дыбыстардың
көрініс тебуі антрофонетикалық /дыбыс физиологиясының/
құбылуы нәтижесі. Осы ерекшелігі тұрғысынан алып қарағанда бұл
дыбыстар үндесуінде жақындық белгісі бар бірыңғай ерін немесе
тілдік бір қалыпта тұрған дауысты дыбыстардың белгілі бір
топтарын құрайды.
Дауысты дыбыстардың айтылу барысында дауыс түтігі бір
қалыпты тербеліс үстінде болады. Басқаша айтқанда, дауыс
түтігінде тербеліс ұзақтығы мен алдыңғы және артқы шекараның
(дауыс түтігінің алдыңғы шекарасы деп ерін мен тіс аралығын,
артқы шекарасы деп жұмсақ таңдай мен көмей аралығын түсінеміз)
ашылу кеңдігі әр түрлі үндеспе (үн) қалыптастырады. Дауыс түтігі
ерін алға қарай шығуы немесе тіл арты позициясының көмеймен
шектескен тұсы төмен қарай жылжуы және ауыз қуысы көмейге
дейін ашық тұруы нәтижесінде кең ашылады, ал егер ерін кең
ашылып, тілдің алдыңғы шегі дауыс түтігін құрайтын тәрізді болып
келіп немесе тіл артының көтеріліп таңдайдың артқы шегінде күрт
тарылыс қалыптастырса, дауыс түтігі керсінше тарылады» /11,2/.
Сондықтан да біз дауысты дыбыстарды екі принципке байланысты
бөліп қарастырамыз:
1) дауыс түтігі шегінде бірыңғай қалып арқылы берілетін
24
дауысты дыбыстар.
2) дауыс түтігі шегінде азды-көпті күрт тарылыс қалыптастыру
арқылы айтылатын дауысты дыбыстар.
Дауыс түтігі шегінде қалыптасқан дауыстылардың жіктелуі.
I. Бірыңғай дауыс түтігінің артқы шегінде қалыптасқан
дауыстылар (палаталь-аффинитет) төмендегідей болып бөлінеді: а)
гуттурал (бипалаталь-жіңішке емес). Бұндай дауыстыларды айту
барысында тіл дауыс түтігінің артқы шеңінде тұрған тәрізді болып
таңдайда тарылу сезілмейді. Сөйтіп бипалаталь дауыстылар
жасалады. Олар: а, ạ, о, ө, у, u, ů дыбыстары.
б) палаталь дауыстылар. Палатальды дауыстылар деп айтылу
барысында дауыс түтігі тіл денесінің төмендеуі арқылы өзінің
артқы шегінде қысқарып және тарылып барып жасалатын дауысты
дыбыстарды айтамыз. Бұндай дауысты дыбыстар: а, ö, ӫ, ä, ü, і, ị, е
болып табылады.
«Орал-алтай тілдерінің барлық грамматикалық өңдеулерінде
дауысты дыбыстар гуттурал дауыстылар жуан деп, палаталь
дауыстылар жіңішке дауыстылар деп аталып жүр. Мен бұл
атауларды қолданудан бас тартып отырмын, өйткені бұл атау
барлық ғылыми тұжырымдарда жүр және сонымен қатар қателіктер
жіберіп алуға жеңіл себеп те бола алады. Себебі, әр түрлі халықтар
тілінде дыбыстар әр түрлі сапада не жуан не жіңішке болып
айтылады. Бұған орыс тіліндегі алдындағы дауыссыз дыбыстардың
әсерінен жіңішке болып айтылатын дауыстыларды жатқызуға
болады» /11,3/.
«II. Бірыңғай дауыс түтігінің алдыңғы шегінде қалыптасқан
(лабиал-аффинитет) дауысты дыбыстар төмендегідей.
а) денталь (билабиал-еріндік емес) дауысты дыбыстар.
Бұл дауыстылар айтылуы барысында алдыңғы тістер дауыс
түтігінің алдыңғы шегін құрағандай болады. Ал ерін екі жаққа кең
ашылды (бұдан билабиал дыбыстар жасалады). Осы қалыпта дыбыс
айтылғанда дауыс түтігінің тербелісі қатыспайды. Бұндай дауысты
дыбыстарға келесі дыбыстар жатады: а, ä, у, е, і, ị» /11,3/].
в) Лабиал дауысты дыбыстар. «Бұндай дауысты дыбыс деп
айтылуы барысында дауыс түтігі алға қарай қозғалуы мен тарылуы
нәтижесінде ерін ұзарып, дауыс түтігінің алдыңғы шегін
құрағандай болады. Ондай дауысты дыбыстарға келесі дыбыстар
жатады: о, u, ö, ө, ӫ, ạ, ᾂ» /11,3/.
Дауыс түтігінің артқы шегіндегі дыбыстардың жақындығы
25
дауыстылар арасындағы өте күшті атракцияның бар екендігін
байқатады. Бұндай жайды дауыс түтігінің алдыңғы шегіндегі
(лабиал-аффинитет) дауыстылар арасында да байқауға болады.
«Сондықтан біз түркі тілдеріндегі барлық дауыстыларды дауыс
түтігінің екі шегіндегі үйлесілімділігі жағынан келесі төрт топқа
бөлуіміз қажет:
I. гуттурал (жуан) дауысты дыбыстар.
а) денто-гуттурал (дауыс түтігі тіс пен көмей арасында еркін
орналасады) а, у.
в) лабиал-гуттурал (дауыс түтігі ерін мен көмей арасында еркін
орналасады) о, u, ө, а.
II. палатальды дауысты дыбыстар.
а) денто-палаталь (дауыс түтігі тіс пен таңдай аралығында
орналасқан) ä, е, і, ị.
в) лабиал-палаталь (дауыс түтігі ерін мен таңдай аралығында
орналасқан) ö, ü, ӫ, ä.» /11.4/.
Жоғарыдан көріп отырғанымыздай В.В. Радлов барлық түркі
тілдерінде қолданылатын дауысты дыбыстарды ауыз қуысында
жасалу шегіне қарай төрт топқа бөлген. Қазіргі қазақ тілінде де ең
алдымен біз дауысты дыбыстарды физиологиялық және
акустикалық ерекшелігіне қарай екі үлкен топқа бөліп
қарастырамыз. «Олар жуан дауыстылар (гуттурал) және жіңішке
дауыстылар (палаталь). Ал олар өз алдына тағы да іштей
ажыратыла бермек. Мысалы, жуан дауыстылар жуан еріндік
дауысты (о, ұ) дыбыстар (лабиал-гуттурал) және жуан езулік
дауысты (а, ы) дыбыстар (денто-гуттурал). Сол сияқты жіңішке
дауыстылар да іштей жіңішке еріндік ө, ү (лабиал-палаталь) және
жіңішке езулік ә, е, і, (денто-палаталь). болып сараланады. Бұлай
бөлуді біз ғалымның тілімен айтқанда «түркі тілдеріндегі барлық
дауыстыларды дауыс түтігінің екі шегіндегі үйлесілімділігіне»
қарай бөлу десек те болады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың жоғарыда көрсетілген
қасиеттеріне байланысты ажыратылып және сөз ішінде қолданылу
сипатын айқын беру мақсатында В. Радлов материалдарына
сүйеніп XIX ғасыр түркі тілдерімен салыстыра бергенді жөн көріп
отырмыз.
Ғалымда дауысты дыбыстардың жасалу барысында дауыс
түтігінің шегінде тарылу қалпының сатыларына байланысты
бөлінуі және сөз ішінде көрінуі туралы былай делінген: «Кіріспе
26
бөлімде айқын болып келетін кейбір дауысты дыбыстарды айтуда
дыбыстау органдарының қалыбы, дауыс түтігінің әр шегінде
дауыстыны айтуда не өте әлсіз, не өте күшті тарылу үстінде
болатынын баяндаған болатынбыз» /11,4/ Сонымен, лабиал-
гуттурал u дауысты дыбысын айтқанда еріннің жабық тұруы
ұзағырақ болады, ал керісінше, і дыбысын айту барысында
палатальды тарылуы ö дыбысын айтқаннан гөрі қысаң болады.
«Бұндай әр түрлі тарылудың болуын мен тарылу сатылары деп
атадым және дауысты дыбыстарды тарылу сатысына қарай келесі
топтарға бөліп қарастырдым:
а) ашық дауыстылар. Бұл дауыстыларды айтқанда тарылу
елеусіз бір сатыда болып айтылады: а, ạ, о, ä, ᾂ , ö, е.
в) Қысаң дауысты дыбыстар. Бұл дауысты дыбыстарды айтқанда
ауыз қуысының тарылу сатысы елеулі болып айтылады: у, u, ü, ө, ӫ ,
і, ị, ů» /11.4/.
О. Бетлинг алғаш болып бұл атаулардың орнына ашық дауысты
дыбыстарға — ауыр, қысаң дауыстыларды — жеңіл деген атау
енгізген болатын. Бірақ бұл атау тек дәстүр мәнді ғана болып келеді
және де тек сонымен шектелген. Ашық дауысты дыбыстар қысаң
дауысты дыбыстарға қарағанда тұрақты болып келетінін ескереміз.
«Бұл жағдайда тарылу дәл дауыс түтігі шекарасында болады.
Тарылу сатыларының ерекшелігі алдыңғы тарауда дауыстылардың
нақты бөлінуінде айқын көрсетілген. Соған байланысты біз
дауысты дыбыстардың барлығын сегіз топқа ажыратамыз. Олар:
ашық денто-гуттурал дауысты: а дыбысы, қысаң денто-гуттурал
дауысты: у дыбысы, ашық лабиал-гуттурал дауыстылар: о, ạ, қысаң
лабиал-гуттурал дауыстылар: u, ů, ө және тағы басқалары» /11,5/.
В.В. Радловтың дауысты дыбыстарды бұлайша бөлуін әрі қарай
төмендегідей жалғастыруға болады: ашық денто-палаталь дыбыс: ä,
ашық лабиал-палаталь дыбыс: ö, ü, қысаң денто-палаталь дыбыс: і,
ị деп жалғастыруға болады.
Атракцияның
күші
лабиал
және
палаталь-аффинитетті
дауыстыларда әр диалектіде әр түрлі болып келеді. Сол себепті де
ол дауысты дыбыстар үндесу заңының әр түрлі бөлімдерінен орын
теуіп түр. Кейбір тілдердің дауысты дыбыс жүйесі (вокализм) азды-
көпті өзіндік ерекшеліктерімен де сипатталады. Түркі тілдері
дауыстылар жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу нәтижелерін
жариялауда ғалым жоғарыдағы дауыстылар сипатын басшылыққа
алып былай дейді: «бұл сипаттаманы төменде көрсетілетін
27
тілдерден әбден байқауға болады. Мен ең алдымен өзімді міндеттеп
кейбір тілдердегі дауыстыларды қайта қарастырдым да, ең алдымен
белгілі болған нәтижелермен салыстырдым. Тіпті кейбір
мәселелерді қайталауға тура келсе де зерттеудің осы жолын тандап
отырмын» /11.6/.
Ғалым өз еңбегінде түркі тілдерінде сөз ішінде дауысты
дыбыстардың үндесіп келуі мәселесін сөз еткенде ең алдымен
Төлеуіт диалектісінен бастаған. Өйткені В. Радлов пікірі бойынша
бұл түркі тілі «дауыстылар жүйесі мейлінше таза, түркі тілінің
ерекшеліктерімен сипатталатын оңтүстік диалекті» болып
табылады. Алайда біз зерттеу тақырыбымызға сай қазақ тілі
дауыстыларының қолданылу ерекшелігін алдымен сөз етіп,
талдауды жөн көріп отырмыз. Әр тіл атаулары В. Радлов бойынша
алынып отыр. «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасында» қазақ
тілі қазақ-қырғыз диалектісі деген атаумен алынып отыр.
В.В. Радловтың пікірінше: «Қазақ-қырғыз тілінде қара-қырғыз
тілінде сияқты тоғыз дауысты дыбыс бар. Бұлардың ішінде е
дыбысы тек сөз түбіріндегі буында кездеседі. Көптеген жеке
адамдар тілінде е дыбысы іä дифтонгі түрінде естіледі, әсіресе, сөз
басында тұрған кезде: екі – іäкі түрінде айтылады». Бұл пікірге
ұқсас пікірді Ж Аралбаев
5
та айтады.
U, ö, ü дауысты дыбыстарының лабиал-аффинитеті қара-қырғыз
тіліндегідей күшті, алайда елсіз тұсы да жоқ емес. Қазақ тілінен
гөрі қырғыз тілінде кей дауысты дыбыстардың сөз позицияларында
қолданысының өрісі кең екендігін байқауға болады. Мысалы,
қырғыз тілімен салыстырғанда қазақ тілінде о дыбысының әсері
әлсіз байқалады, өйткені ол ашық дауыстылардан тек а, қысаң
дауыстылардан тек u дыбысын ғана талап ете алады. Оны төменде
берілген мысалдардан байқауға болады:
«Қара-қырғыз тілінің сөздері: bоłүопbо, qопоq, оttоүоп, bоłир,
Достарыңызбен бөлісу: |