38
қазақ тілі арасындағы келесі айырым белгілерді ажыратуға болады.
Олар:
а) алғашқы буындағы
о дыбысынан кейін келесі буындарда
о
дыбысының қолданылу ерекшелігі.
ә) алғашқы буында палаталь
ä дыбысынан кейін келесі буында
лабиал
ü дыбысының қолданылуы.
В.В. Радловта қарастырылған келесі тілдер тобы: Осман,
Әзірбайжан және Қырым татарларының диалектілері. «Бұл тілдер
тобына мен Әзірбайжан және Қырым диалектілерін (ауызекі сөйлеу
тілі түркі тілі болып келетін Қарайымдар тілін) енгіздім. Осман
тілінің дауыстылар жүйесін дәл суреттеуге мүмкіндік бере алатын
еңбектің бірі Вигуердің тамаша грамматикасы (Вигуер. Түріктердің
грамматикасы. Констонтинополь. 1790 ж.) бар» /11.12/.
Аталып отырған түркі тілдері тобының барлығында төлеуіт
тіліндегідей сегіз дауысты дыбыс бар. Олар:
а, ä, о, ö, у, і, ü, u. Бұл
дауыстылар да тілдердегі дауыстылардың үндесуінің барлық заңын
қамтып, құбылады. Заңда лабиалдық атракция ауытқулары да орын
теуіп отыр. Атап көрсететін болсақ.
«а) ашық лабиалды
о және
ö дауысты дыбыстары тек бірінші
буында қолданылады. Екінші буындарда лабиалды дауысты
дыбыстардың қолданылуы байқалмайды.
б) қысаң дауысты дыбыстардың ішінен лабиалды дауысты
дыбыстан кейін тек лабиалды дауысты ғана қолданылады. Бұны
төмендегідей көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: