Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет3/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

 
 


10
 
 
Дауысты дыбыстардың (вокализмдердің) 
физиологиялық сипаты 
 
В.В.  Радловтың  «Солтүстік  түркі  тілдерінің  фонетикасы» 
еңбегінде  баса  көңіл  бөлінген  мәселелердің  бірі  түркі  тілдері 
дыбыстарының  физиологиялық  және  акустикалық  ерекшелігі 
мәселесі  болып  табылады.  Бұл  тақырыпты  ашуда  автор  түркі 
тілімен  айналысқан  басқа  да  Еуропа  ғалымдарының  еңбектерін 
арқау  еткен.  Еңбегінің  алғы  сөзінде  ғалым  «Солтүстік  түркі 
тілдерінің  фонетикасын»  жазу  барысында  мүмкіндігінше  келесі 
ғылыми зерттеу еңбектерін пайдаланғандығын көрсетеді: 
1.  Viguier. Elements de la langua Turgua. Constantinople. 1790. 
2.  Ильминский.  Материалы  изучения  Киргизского  языка.  Казань. 
1861. 
3.  Грамматика Алтайского языка. Казань. 1869. 
4.  Castren. 
Versuch 
einer 
Koidalischen 
und 
karagassischen 
Sprachlehre. Petersburg. 1869. 
5.  5.Vamderu.  Etymologische  Worterbuch  der  turko-tatarischen 
Sprachlehre. Leipzig. 1878. 
6.  Bohtlingk. Ueber die Sprache der Jakuten. Petersburg. 1851. 
Бұл  аталған  ғалымдардан  басқа  В.В.  Радлов  ғылыми  зерттеу 
еңбегін  жазу  барысында  Зиновьев,  Максимов,  Бодуен  де  Куртенэ 
және тағы басқаларын атаған, солардың еңбектеріне сілтеме жасап, 
талдауларына сипаттама берген. 
Жалпы  тіл  білімінің  фонетика  саласында  дауысты  дыбыстарды 
жіктеуде  олардың  физиологиялық  және  акустикалық  (естілім) 
белгілеріне қарай жіктеу кеңінен тараған. Бірақ бұл екеуінің ішінде 
әрі  қолайлысы,  әрі  жеңілі  физиологиялық  ерекшеліктеріне  қарай 
топтастыру  болып  табылатыны  белгілі.  Өйткені  Т.  Қордабаев 
тілімен айтқанда: «үн, дауыс дауысты дыбыстардың барлығында да 
бар,  барлығының  негізінде  жататын  үн,  негізгі  тон»  /10,17/.  Ал  әр 
дауыста  обертонның  болуы  дауысты  дыбыстарды  акустикалық 
белгілеріне қарай жіктеуде қиындық келтіреді. Оның басты себебі, 
обертонның  дауыс  жасаудағы  қарқыны  мен  күші  әр  қилы  болып 
табылып,  оны  қарапайым  жолмен  емес  арнайы  физикалық 
аппараттарды  қолдану  арқылы  зерттеуді  қажет  етуінде.  Түркітану 
ғылымының  «атасы»  деп  танылған  В.В.  Радлов  та  өзінің  атақты 
еңбегінің кіріспе бөлімінде түркі тілдеріндегі дыбыстардың айтылу, 


11
 
яғни 
дыбысталу 
ерекшелігін, 
мүмкіндігін 
айқындап 
«антрофонетика  (дыбыстардың  физиологиясы)  белгілері  арқылы 
топтарға  жіктеп»  /11,ХІ/  талдау  жасаған.  Әрбір  дауысты  және 
дауыссыз  дыбыстарға  жеке  тоқталып,  олардың  физиологиялық 
мінездемесін 
толық 
беруге 
тырысады. 
Дыбыстардың 
артикуляциялық 
ерекшеліктерін 
талдау 
барысында 
автор 
Еуропаның  атақты  фонетист  мамандары  Брюкенің  (Crundzuge  der 
Physiologie und Systematik der Sprachlaute.  Wien. 1876.), Сиеверстің 
(Crundzuge  der  Lautphysiologie.  Leipzig.  1876),  Винтлердің 
(Die Kerenzer  Mundart.  Leipzig.  1876)  антрофонетика  саласындағы 
еңбектеріне де сілтемелер жасап, түркі тілі дауысты дыбыстарының 
физиологиясына төмендегідей мінездеме ұсынады. 
Ғалым  дауысты  дыбыстардың  айтылым  сипатына  мінездеме 
беруде  былай  дейді:  «Айтылуы  барысында  дыбыстау  мүшелерінің 
жеке  біреуі  активті  түрде  қатыспай,  дауыс  түтігі  («Тамақтың  іш 
жағында  қабаттасып  қырынан  жатқан  екі  пар  бүршіктің  сыртқы 
екеуі жалған дауыс шымылдығы болады да, астындағы екеуі нағыз 
дауыс  шымылдығы  болады.  Дауыс  шымылдығының  аралығы  – 
дауыс  түтігі  деп  аталады»  /12,224/)  бір  қалыпта  тұрып  тарылуы 
нәтижесінде  жасалатын  дыбыстар  дауысты  дыбыстар  болып 
табылады)» /11.ІХ/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет