Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет4/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

 
А) а-і дауысты дыбыстар қатары 
 
1) а [Брюке, Сиеверс, Лепсиуста - а]. 
Итальян  тіліндегі  «ballare»  сөзіндегі  а,  неміс  тіліндегі  «tag» 
сөзіндегі  а,  орыс  тіліндегі  «так»  сөзіндегі  а  дыбысы  тәрізді  таза 
айтылады.  Ғалымның  сипаттап  отырған  а  дыбысы  қазіргі  қазақ 
тіліндегі  а  дыбысына  сай  «тіл  арты  езу  фонемасы:  а  –  тіл 
таңдайдың  артқы  шеніне  қарай  жиырылуынан  жасалатын 
(гуттурал-жуан)  мейлінше  ашық-төмен,  езулік  фонема:  йек 
мейлінше  төмен  түсіп,  ауыз  қуысында  үлкен  резонатор 
жиырылады»  /5,31/,  тек  неміс  тілінде  келтірген  «tag»  сөзіндегі  а 
дыбысы  қазіргі  қырғыз  тіліндегі  созылыңқы  аа  дыбысына  жуық 
дыбысталады.  Ал  жасалу  жолын  В.В.  Радлов  өте  дәл  бере  алды. 
Қазақ тіліндегі «а» дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл артқа 
тартылады, жақ кең ашылып, ерін екі жаққа керіліп (езулік болып) 
айтылады.  Ғалым  өзінің  «Опыт  словаря  тюркских  наречий» 
еңбегінде  а  дыбысын  былай  деп  сипаттайды:  «а  выговаривается 


12
 
вообще  как  русское  а  в  словах  «как,  камень».  Долгое  ā  не 
существует  в  русском  языке,  оно  соответствует  немецкому  а  в 
слове  Abend  Алтайцы  выговаривают  а  очень  протяжно,  почти  как 
аа.  Таранчы,  южные  Киргизы  и  отчасти  жители  средней  Азии 
выговаривают а в первом слоге между а и о. В волжских наречиях 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет