Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет23/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

 
а дыбысы тікелей а, у, u - дан кейін ғана қолданылады. 
о дыбысы тікелей о - дан кейін ғана қолданылады.  
ä дыбысы тікелей ä, í, ü - ден кейін ғана қолданылады. 
ö дыбысы тікелей ö - ден кейін ғана қолданылады.  
у дыбысы тікелей а, о, у, u - дан кейін ғана қолданылады.  
u дыбысы тікелей а, о, у, u- дан кейін ғана қолданылады.  
і дыбысы тікелей  ä, í, ü  - ден кейін ғана қолданылады.  
ü дыбысы тікелей ä, í, ü, ö  - ден кейін ғана қолданылады.  
 
Ғалым  төлеуіт  және  басқа  да  түркі  тілдерінің  кейбіреуінде 
жоғарыда  көрсетілген  дауысты  дыбыстардан  басқа  созылыңқы  ī 
дауысты  дыбысының  бар  екенін  айта  отырып  былай  дейді: 
«Созылыңқы  ī  дауысты  дыбысы  дауыстылардың  үндесу  заңынан 
тыс қалады. Сондықтан оны аралық немесе палаталь-индифферент 
дауысты деп атауға болады, Бұл созылыңқы ī дауысты дыбысы кез 
келген  дауысты  дыбыстан  кейін  тұра  алады  және  өзінен  кейінгі 
буындардағы  дауысты  дыбысқа  ешқандай  әсерін  тигізбейді.  Ī  сөз 
түбіріндегі келесі жағдайларда қолданылмайды:  
1. Егер жуан дауысты дыбыс болса (түбірде), 
2. Егер алғашқы буын жуан болса,  
3.  Егер  кейінгі  буындарда  дауысты  дыбыстар  жіңішке  болып 
і дыбысына 
қарама-қарсы 
болса. 
Мысалы, 
аttīγа 
(атпен 
мағынасында  түсінеміз),  іttiγа  (иті  бар  адам  деген  мағынада 
түсінеміз).  Түбір  буындағы  ī  созылыңқы  дауысты  дыбыстан  кейін 
кейбір  сөздерде  жіңішке  дауыстылар,  ал  басқа  бір  сөздерде  жуан 
дауыстылар тұруы мүмкін. Бұл ī дыбысының қалыптасуымен тығыз 
байланысты  болып  келеді.  (Ү тарау.  В. Созылыңқы  дауыстылар). 
Мысалы,  кіүäп  сөзі  кäі  сөзінен  қалыптасса,  jīγап  сөзіндегі  jyγ 
бөлшегі іуγ сөзінен қалыптасқан» /11,8/. 
В.  Радловтың  «Фонетикасындағы»  9  және  8  тарауларында 
көрсетілген  дауысты  дыбыстар  үндесуі  заңдылығынан  біздің 
білгеніміз,  «палаталь-аффинитет  дауыстылар,  лабиал-аффинитет 
дауыстылар  тәрізді  қатты  ықпал  ете  алады.  Палаталь  немесе 
бипалатальды  дауыстылар  тіпті,  егер  дауысты  дыбыстар  қатары 


34
 
ī созылыңкы дауысты дыбысы арқылы бұзылса да барлық сөздерде 
кеңінен  қолданыла  береді.  Лабиалитет  қандай  жағдайда  болса  да 
ашық  дауыстыларға  тек  ашық  және  қысаң  дауысты  дыбыстардың 
тіркесуі 
және 
қысаң 
дауыстылардан 
кейін 
тек 
қысаң 
дауыстылардың келуі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде ашық 
және қысаң дауыстылардың айырмашылығы да айқын көрінеді. 
Ал  алтай  тілінде  де  ғалымның  айтуы  бойынша  дауысты 
дыбыстар Төлеуіт тіліндегі дауысты дыбыстармен бірдей. Дауысты 
дыбыстар  үндестігіне  қатысты  тек  келесі  айырмашылықтарды 
байқауға болады: 
1.  «ашық  лабиал-палатальды  ö  дауысты  дыбысынан  кейін  оған 
сәйкес  келетін  қысаң  лабиал-палатальды  ü  дауысты  дыбысы  тұра 
алады. 
2.  ö  қысаң  лабиал-палатальды  дауысты  дыбысы  ü  дауысты 
дыбысынан  кейін  тұра  алады.  Төлеуіт  тілінде  келесі  сөздер  ülγаr, 
кüпdа,  jürак  түрінде  айтылса,  Алтай  тілінде  ülγör,  кüпdö,  jüröк 
түрінде айтылады» /11,10/. 
В.В.  Радлов  Төлеуіт  тілінің  вокализм  жүйесіне,  сол  сияқты 
Сойон,  Шор,  Тува,  Қуарық  диалектілері  және  Бараба  мен  Тара-
татарларының диалектілерінің вокализмдік жүйесін де ұқсатып, бұл 
тілдерде  де  дауысты  дыбыстар  «Төлеуіт  тіліндегі  дауыстылармен 
бірдей  және  сондай  дауысты  дыбыс  зандылығына  бағынады»  деп 
қорытынды  жасайды.  Ғалымның  айтуынша:  «Сойон  диалектісі 
Қуарық  және  Шор  тілдері  сиякты  Төлеуіт  тіліне  жақын  болып 
келеді.  Сол  сияқты  Тува  мен  Лебедь  диалектісінде  сөйлейтін 
татарларының  тілі  азды-көпті  Алтай  тіліне  жуық  болып  келеді. 
Бірақ  тек  әр  түрлі  ауылдық  жерде  ғана  емес,  тіпті  бір  ауылда 
тұратын  кейбір  индивидтер  тілінде  де  әр  түрлі  ауытқуларды 
байқауға болады. 
3.  ашық  лабиал-гуттурал  о  дауысты  дыбысы  бірінші  буында 
ғана  қолданылады.  Осы  о  дыбысы  өзінен  кейін  ашық  а  дауысты 
дыбысын  және  о  дыбысын  талап  етеді.  Мысалы,  Төлеуіт  тіліндегі 
келесі роłүопdо, роłot, qоłdoń, оqtоr сөздері, роłүапdа, тоłаt, qоłdа, 
оqtаr сөздері оған дәлел бола алады» /11,8-9/. Барлық диалектілерде 
кездесетін  әр  түрлі  ауытқулар  «Фонетикада»  ғалымның  Төлеуіт 
тілін талдап көрсеткен 8 тарауында көрсетілген. 
Сонымен қатар ғалымның пайымдауынша, Абақан диалектісі де 
төлеуіт  тілінің  дауысты  дыбыс  жүйесіне  толық  сәйкес  келеді. 
«Абақан диалектісінде, атап айтсақ, Сағайыр, Қойбал, Қач, Қызыл 


35
 
тілдерінде  дауысты  дыбыстар  жүйесі  төлеуіт  тілінің  дауысты 
дыбыстар  жүйесімен  толық  сәйкес  келеді.  Тікелей  Абақан 
диалектісінің ерекшелігі ретінде кіріспе бөлімде көрсетіп кеткендей 
алғашқы  буында  ä  орнына  е  дыбысының  қолданылуын  айтуға 
болады. Бұл алмасу тек бір ғана диалекті үшін бөтен болып келеді. 
Ол  –  Қызылдар  (Кизиляр)  диалектісі.  ä  дыбысының  е  дыбысына 
өтуі түбір буындағы дауысты дыбыстың әсері болса керек. Біз бұны 
батыс  тілдерді  зерттегенде  байқаған  болатынбыз.  Дауысты 
дыбыстар  үндесуі  үшін  бұл  алмасу  ешқандай  әсерін  тигізе 
алмайды, е дыбысы дәл ä тәрізді болып келеді» /11,9/. 
Түркі  тілдерінің  ішінде  «Абақан  диалектісінде  қазақ  тілінде 
тәрізді тоғыз дауысты дыбыс бар. Олар: а, ä, е, о, ö, у, u, ü, і,  
Бұлардың ішінде: 
                              төртеуі: а, о, u, у гуттурал  
бесеуі:  ä, е, і, ö, ü палаталь дауысты дыбыс.  
Абақан  диалектісінің  ерекшелігі  ретінде  басқа  барлық 
диалектілерде  кездеспейтін  ӯ  созылыңқы  дауысты  дыбыстың 
қолданылуын айтуға болады. 
Үндестік  заңы  сілтемелеріне  қарағанда  Абақан  тілінде  бір 
ескеретін 
жай 
ашық 
дауысты 
дыбыстардың 
лабиалдық 
атракциясында  ерекшеліктер  өте  айқын  көрінеді.  Жалпы  бағдар-
бақылау жасау үшін келесі берілген зандылықтарды алуға болады. 
«а)  ашық  лабиал-гуттурал  о  дауысты  дыбысы  тек  бірінші 
буында  ғана  қолданылады,  ол  ашық  а  дауысты  дыбысының 
алдында келеді. Аталмыш заңдылық қазақ тіліне де қатысты. 
б)  бірінші  буындағы  ашық  лабиал-палатальды  дауысты 
дыбысынан  ö,  екінші  буында  ашық  дауыстылардан  көбінесе  ä
үшінші  буында  тек  қана  ä  дыбысы  қолданылады.  Мысалы,  оrа, 
ökpödä,  ölgöndä  болып  айтылатын  сөздер  кейбір  жеке  адамдар 
тілінде  екі  түрлі  нұсқада  естуге  болады:  оrо  мен  оrа,  ökpädä    мен 
ökpödä,  ödäs  пен  ödös»  /11,10/.  Бұл  заңдылықтан  ерін  үндестігі 
сақталмайтынын және ö дыбысынан кейін екінші буындарда езулік 
дыбыстың еркін қолданылатынын аңғарамыз. 
Келесі  талданған  тіл  –  Қарағас  диалектісі.  Қарағас  диалектісін 
сипаттауда  В.В.  Радлов  Кастрен  еңбегіне  сүйеніп  былай  дейді: 
«Кастрен  бойынша  (Изучения  Койбалского  и  Карагаского 
языкового учения) Қарағас тілі Абақан тіліне өте жақын тіл болып 
есептеледі.  Бұл  тілде  гуттурал  және  палаталь  дауысты 
дыбыстардың  атракциясы  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  әсіресе, 


36
 
лабиалды  атракция  айқын  көрінеді.  Келесі  мысалдар  лабиалды 
атракцияны толық сипаттай алады: 
а) о дыбысынан кейін а дыбысы қолданылады, алайда  о екінші 
буында  өзін-өзі  талап  етуі  мүмкін.  Мысалы,  tоrbоs,  torgajaq,  tora, 
oras, oro, korhodarmen. Бұл диалектінің жоғарыда аталған тілдерден 
басты  айырмашылығы  ретінде  о  дыбысының  өзінен  кейін  өзін 
талап  ете  алатындығы  болып  табылады.  Осы  тұрғыдан  алып 
қарағанда бұл диалекті қырғыз тіліне жақын болса керек. 
б)  о  дыбысынан  кейін  у  және  u  дыбыстары  қолданылады. 
Мысалы,  toferak  =  tofyrak,  kо'еп  =  qо'уп,  коjeg  =  qojyg  сонымен 
қатар korhuk, sogur. 
г) ö дыбысынан кейін әдетте ä мен ü сирек жағдайда і дыбысы 
қолданылады. Мысалы, tönmäk, tösäk, höräk, höne = hönĭ. 
д)  u  дауысты  дыбысынан  кейін  ауыр  дауыстылардан  а
жеңілдерден у дыбысы қолданылады. 
е)  ü  дауысты  дыбысынан  кейін  ä  және  ü  дыбыстары 
қолданылады» /11,10/]. 
Қазақ  тілін  В.В.  Радлов  ұсынған  қырғыз  тілі  (ғалымда  қара-
қырғыз диалектілері) материалдарымен салыстыра қарағанда келесі 
мәселелерді аңғаруға болады. «бұл тілде де негізгі түркі тілдерінде, 
оның ішінде  қазақ  тіліндегідей  тоғыз  дауысты дыбыс бар. Олар  а, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет