Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


А  –  езулік,  дауысты  дыбысы  В.  Радлов  бойынша  сөз  ішінде  алғашқы буында тұрып өзінен кейін у (ы), а



Pdf көрінісі
бет34/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

А  –  езулік,  дауысты  дыбысы  В.  Радлов  бойынша  сөз  ішінде 
алғашқы буында тұрып өзінен кейін у (ы), а және і дыбыстарының 
тұруын қалайды. Егер і дыбысы кірме сөздерге тән қолданыс екенін 
ескерсе  (ғалымда  а-дан:  кейін  і  дыбысының  қолданысы  кірме 
сөздерге байланысты екені айтылмаған), онда қазіргі қазақ тілімен 
толық  сәйкестігін  байқауға  болады.  Мысалы,  а-дан  кейін  у  (ы


45
 
дыбысының  келуі:  қазық,  сары,  балық,  тарыл,  жаны  т.б.  а-дан 
кейін  а  дыбысының  қолданылуы:  бала,  жара,  дала,  алақан,  қала 
т.б.  Бұл  қолданыстың  дұрыстығы  және  қазақ  тіліне  тән  қолданыс 
екені  жайлы  П.М.  Мелиоранский
19
  де  айтып  кеткен  болатын. 
Айтылу  нормасы  бойынша  бұл  қазіргі  қазақ  тілінің  күйін  толық 
таныта алады. Алайда, жазба әдеби тіл материалдарына сүйенсек а 
дыбысынан  кейін  келесі  буында  і  жіңішке  дауысты  дыбысты 
жазудың салдарынан солай айту да кездеседі. а дыбысынан кейін і 
дыбысының  келуі:  қазір,  қадірлі,  қасірет  т.б.  мысалдардан  айқын 
көруге  болады.  Бұл  ауытқу  тек  кірме  сөздерге  тән  болып,  сөйлеу 
тілде  нормаланған  сыңарлары  арқылы  айту  орныққанын  атап 
кеткен жөн. Мысалы, 
Қазір-кәзір-қазыр. 
Қадір-кәдір-қадыр. 
Ғаріп-кәріп-карып  
Қасірет-кәсірет-қасырет т.б. 
 
В.  Радлов  өмір  сүрген  дәуірде  а  дыбысынан  кейін  жіңішке  і 
дыбысын қолдану, е дыбысын айту тәрізді ауыткулар тек Тараншы 
диалектісінде  ғана  байқалған.  Бұл тілде  ғалымның  пікірі  бойынша 
лабиалдық  тартым  күшінің  әлсіздігі  өз  алдына,  палатальдық 
үндестікте  де  е,  і  дыбыстарының  қолданылуында  ауытқулар  бар. 
Бұл екі дыбыс палатальдық тартым күшін жоғалтқан, тіпті алғашқы 
буында  қолданылса  да,  кейінгі  буындарда  жуан  және  жіңішке 
дауыстылардың тұруын қалай береді. Ал қалған түркі тілдері қазақ 
тілі  сияқты  а  дыбысынан  кейін  келесі  буындарда  жуан  а,  у,  u 
дыбыстарының  қолданылуын  талап  ететін,  яғни  а  палатальды 
үндесуді толық игерген дыбыс болып табылатын тілдерді құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет