55
«Түркі тілдеріндегі «палаталь-аффинитет (үндеспе) негізінде
сөздер палаталь және гуттурал дауысты дыбысты болып
ажыратылады. Бірыңғай сөз гуттурал және палаталь дауыстылардан
тұру тәртібі барлық жағдайда қатаң тәртіпке негізделген – дей келе,
ғалым – кейбір түркі тілдерінде бірен-саран дауысты дыбыстардың
өзінің
палаталь-аффинитеттігінде
ауытқуларға
ұшырайды.
Сол себепті де мен денто-палатальді
ī созылыңқы дауысты
дыбысты палаталь-индифферент (ауытқулы) дыбыс ретінде алып
отырмын. Бұл құбылыста көзге түсетін жай анық естілетін
ī
палатальді дыбысының Палаталь-индифферент ретінде қызмет
атқаруы. Мүмкін бұл
ī дыбысы барлық диалектілерде кейінірек
дәуірлерде пайда болып, кейін дауыстылар үндесуінің бастапқы
фонетикалық құбылысы ретінде морфологиялық элементпен
қалыптасса керек. Басқаша айтқанда
ī дыбысының кеш қалыптасуы
бастапқы тілдік көрініске кері әсер етуге қабілетті болған, бірақ бұл
дыбыс жалпы заңға елеулі әсер ете алмаса керек. Бұл дыбыстың
пайда болуы келесі жаймен түсіндіріледі:
ī дыбысын айту үшін
тілдің артқы позициясы жоғары қарай күрт көтерілуі қажет және
соның нәтижесінде бұл дыбысты айту әрекеті салдарынан
жуандатып айтуға мәжбүр болады. Сондықтан да оның
дыбысталуы дәл дауыс түтігінің өзгермей тұру қалыбындағы
дауыссыздардың пассив жуан не жіңішке айтылуы сияқты болып
келеді» – деген пікірді айтады.
«Бұл түркі тілдерінде кең тараған палаталь-индифферент
дауыстыдан басқа Орта Азия (Тараншы диалектісінде) екі
ů және
і
палаталь-индифферент дауысты дыбыс бар. Олардың алғашқысы
сөзсіз кейін пайда болған. Бұл дыбыстар соңғы буында ғана
кездесуі себепті дауыстылар үндесу заңын жүзеге асыруға кедергі
бола алмайды. Яғни бұлар ешқашан да дауыс түтігінің палатальды
қалпын бұза алмайды» /11,22/ - деп түркі тілі үндестік заңына
қайшы келетін, ауытқулар туғызатын негізгі үш дыбысты атап,
түсініктемелер береді. Ғалымның айтуынша «
I дыбысы «кейінірек
жасанды түрде екі
і (Тараншы диалектісінде күштірек байқалады.)
және
у дыбыстарынан пайда болған жаңа дыбыс. Бұны
bil (біл)
және
qil (қыл) түбір сөздерінің
bilgän және
qilγап тұлғаларынан
құралғандығы айқын дәлелдей алады. Тараншы диалектісінде бұл
жасанды дыбысты мен тек осылай түсіндіре аламын,
і дыбысы мен
Достарыңызбен бөлісу: