дыбыстарының алғашқы буындағы қолданысы аталған заңдылыққа
толық бағынышты.
д) қысаң лабиалды дауысты u дыбысы көпшілік жағдайда
лабиалдық әсерін жоғалтқан. (Орта Азия диалектілерінде, негізінде
Тараншы диалектісінде).
4. Қысаң лабиалды дауысты дыбыстың ашық лабиалды дауысты
дыбысқа әсер етуі:
а) қысаң дауысты дыбыстардың ішінен тек жіңішке дауыстылар
ғана өзінен кейінгі ашық дауыстыға әсер етеді, яғни, u-дан кейін о дыбысы келсе, ü-ден кейін ö дыбысы келеді. (Алтай, Қара-қырғыз
және Қазақ-қырғыз тілдерінде)» /11,24/.
Қазіргі қазақ тілінде u -дан кейін о дыбысының қолданысы
мүлде байқалмайды. Ал ü-денкейін ö және ü дыбыстарының
үндесуі әлі де ауызекі сөйлеу тілде сақталған. Егер сөздің алғашқы
буынында жіңішке, еріндік ү (ü) қысаң дауысты дыбысы келсе,
екінші буында жазудағы е таңбасының орнына ө (ö) дыбысы
айтылады. Мысалы, күзде [күздө], сүзбе [сүзбө], түнде [түндө], үстел [үстөл]. Соңғы мысалдан көріп отырғанымыздай тіпті кірме
сөздердің бойынан да бұл үндестікті аңғаруға болады.
«б) алғашқы буындағы ө және ӫдыбыстарынан кейін лабиалды