Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


ы фонемаларының қолданылуын байқаймыз.   Осман  түріктерінің  тілінде  де  алғашқы  буындағы  дауысты  о



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

ы фонемаларының қолданылуын байқаймыз.  
Осман  түріктерінің  тілінде  де  алғашқы  буындағы  дауысты  о 
дыбысы  келесі  буындарға  ықпалы  әлсіреп,  лабиалдық  тарту  күші 
әлсіреген  және  а  дыбысының  қолданылуын  қалайтын  дыбыс 
ретінде байқалады. Мысалы, dolamak, ortalik, doğal, olarak, оnlar. 
Сонымен  қатар  Тараншы  диалектісінде  о  дыбысынан  кейін 
жіңішке езулік е, і дауысты дыбыстарының қолданылуын да ауытқу 
ретінде ескеріп айтып кеткеніміз жөн. Бұл қолданыс ғалым талдап 
отырған бірде-бір тілде кездеспейді. Ал Тараншы тілінде болуы бұл 
тілдің үндестік заңының әлсіз екенін аңғартса керек. Олай деуімізге 
себеп болып отырғаны тек о дыбысы ғана емес, алғашқы буында u 
(ұ)  жуан  дауысты  дыбыс  келсе,  екінші  буында  жіңішке  е,  і 
дыбыстары  немесе  керсінше,  жіңішке  і  дыбысы  алғашқы  буында 
келсе,  келесі  буында  жуан  а  дауысты  дыбысы  қолданыла  береді. 
Мысалы, gіlγап (жиылған). Және де, соңғы буындарда  ů дауысты 
дыбысының 
қолданылатындығына 
қарағанда 
бұл 
тілдегі 
палатальдық (тілдік үндесу) заңның өте әлсіз байқалатынын аңғару 
қиын емес. 
Ö  (ө)  –  еріндік,  дауысты  дыбысы.  В.  Радлов  пікірінше,  қазақ 
тілінде  өзінен  кейін  өзін  талап  ете  алатын  және  еріндік  ü  (ү) 
дыбысының тұруын қалайтын дыбыс ретінде ұшырасады. Мысалы, 
өзен (өзөн)көлде (көлдө), өңеш (өңөш), өшіп (өшүп), көңіл (көңүл), 
Біз  бұл  пікірмен  толық  келісеміз,  қосарымыз  жазба  әдеби  тілде 
келесі ауытқудың бар екенін ескертіп көрсету.  
Қазіргі  қазақ  тілінде  ö  (ө)  фонемалары  тек  бірінші  буында, 
сөздің алғашқы және екінші позициясында ғана тұрып, өзінен кейін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет