желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек аппараты
эктодермадан дамиды.
Тыныс алғанда су желбезек саңылауларынан желбезек қапшықтарына
еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек
қапшықтары 5-тен 15-ке дейін болады.
Қан айналу жүйесі. Миногалардың екі камерадан жүрекше,
қарыншадан тұратын жүрегі болады. Жүрегінде вена қаны болады және де
қан айналым шеңбері біреу болады.
Жүйке жүйесі. Миногалардың миы бес бөлімнен: алдыңғы, аралық,
ортаңғы, мишық, сопақша мидан тұрады. Алдыңғы ми және мишық басқа
омыртқалылардың миынан кішірек. Ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан,
ал жоғарға дамыған омыртқалылардікі ұқсас олардың иректері болмайды.
Ми қақпағында жүйкелік заттар болмайды, ол түгел эпителийден тұрады.
Аралық мидың үстіңгі жағында көру төбешіктері мен эпифиз, ал оның
төменгі жағында гипофиз орналасқан. Мидың 10 жұп жүйке тарайды.
Сезім мүшелері – өте қарапайым. Есту мүшесі іші құлақтан ғана
тұрады. Көздері де нашар жетілген, қасаң қабығы дамымаған. Тері
жамылғысында бүйір сызығы болады. Бұл бүйір сызықтың терең емес
шұңқырлау тәрізді жерінің түбінде жүйке ұштары, яғни рецепторлары
орналасқан.
Зәр шығару жүйесі – мезонефрикалық бүйректерден тұрады. Зәр
заттарын шығару түтігінің қызметін вольфов каналдары атқарады. Бұл
каналдар зәр – жыныс қуысына барып ұштасады.
Жыныс бездері – дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды.
Жыныстық жасушалар – гонаданың қабырғасын жарып, денесінің ішіне
құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы сыртқа шығарылады.
Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын
құмқазғыш деп аталатын дернәсіл дамып шығады. Дернәсілінің тұтасып
жатқан жүзгіш қанаттары болады. Олардың арқасынан құрсақ бөліміне
қарай қанаты бар екендігі байқалады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек
қапшықтары жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ
жағындағы бөлімінде безді түктерімен қапталған ойысы бар, бұл
ленцетниктегі эндостильдің қызметін атқарады. Бауырында өті болады, көзі
терісінің астына жасырынған. Миы басқа мүшелермен салыстырғанда
үлкенірек деуге болады. Құмқазғышта кейбір белгілерінің болуына
қарағанда (эндостильдің болуы), тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы
алғанда қандауыршаға ұқсайды. Құмқазғыштар көпшілік уақытта
топырақты қазып, соның ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2-5
жылдың ішінде айналады.
Достарыңызбен бөлісу: