Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71
Байланысты:
zoologiya 2-bolim

2-сабақ 
 
Қабықтылар тип тармағы. Асцидиялар класы. 
Систематикасы 
Хордалылар типі - Chordata 
Қабықтылар тип тармағы - Urochordata 
Асцидиялар өкілі - Ascidae 
 
Сабақтың  мақсаты:  Асцидияның  систематикалық  жағдайымен 
танысып, сыртқы және ішкі құрылыстарындағы ерекшеліктерімен танысу. 
Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтар:  Микроскоптар,  лупалар, 
асцидияның ылғалды препараттары, ұзыннан кесіндісін микропрепараттары, 
микрокестелер. 
 
Жалпы түсінік 
 


 
Асцидиялар  теңізде  тіршілік  етеді.  Денесі-қабықтың  ішінде  болады. 
Қабық-біріншіден  тері  эпителииінің  туындысы,  екіншіден  қабықтың  ішкі 
қалың  қабатына  келіп  орналасқан  жас  жасушалардың  есебінен  қалыңдап 
отырады. 
Асцидиялар  су  түбіндегі  заттарға  бекініп  отырып,  тіршілік  етеді. 
Денесінің  жоғарғы  жағында  екі  түтік  тәрізді  өсіндісі  болады  да,  олардың 
әрқайсысында тесіктері болады Бір тесігі ауыз сифоны немесе жұтқыншағы 
болып  табылады,  жұтқыншақтың  бүйірлерінде  ұсақ  тесіктері  –  желбезек 
саңылаулары  немесе  стигмалары  болады,  осылар  арқылы  су  келіп  тұрады. 
Жұтқыншақ  қысқа  өңешпен,  өңеш  қарынмен,  қарын  қысқа  ішекпен 
жалғасып  жатады.  Қысқа  ішек  қуысқа  ашылып,  ол  сыртқы  ортамен  екінші 
түтік тәрізді өсінді-клоакалы сифонмен жалғасып жатады. 
 
 
 
 
 
6- Сурет. Асцидияның құрылысы 
 
Қоректенуі  пассивті.  Су  ағынымен  ілесіп  келген  қоректік  заттардың 
ұсақ  бөлшектері  шырынды  бездері  бар  –  эндостильге  келіп  түседі. 
Жұтқыншақтың  түбіндегі  эндостиль,  жұтқыншақтың  құрсақ  жағынан  ауыз 
тесігіне  қарай  көтеріліп,  жұтқыншақ  айналасындағы  сақинаға,  одан  арқа 
өсіндісіне  айналады.  Қорек  бөлшектері  эндостильдің  кірпікшелерінің 
көмегімен  жұтқыншақ  айналасындағы  сақинаға,  одан  арқа  өсіндісіне  өтіп, 
өңешке  келіп  түседі.  Өңештен  қарынға,  қарыннан  ішекке  келіп  түсіп, 
қорытылмаған қорек клоакалы сифон арқылы сыртқа шығарылады. 
Қан айналу жүйесі ашық. 
Жүйке  жүйесі  ауыз  және  клоакалы  сифондардың  аралығында 
орналасқан  жүйке  түйіндерінен  ганглиялардан  тұрады.  Сезім  мүшелері 
жетілмеген. 
Асцидиялар  жыныссыз  және  жынысты  жолмен  көбейеді.  Жыныссыз 
көбеюі  бүршіктену  арқылы  орындалады.  Аналық  организмде  төмпешік 
пайда  болып,  онда  жұтқыншағы,  ішегі,  жүрек  қапшығы  дамып  бүршікке 
айналады.  Жеке  тіршілік  ететіндерінде  бүршік  үзіліп  түсіп,  жеке  ересек 


 
организмге айналады, ал қауымды түрлерінде бүршіктер аналық организмде 
қалып, ол одан әрі бүршіктеніп көбейе бастайды. 
 
 
 
 
 
7-Сурет. 
Асцидияның 
дернәсілдік 
сатысынан 
(I,II), 
ересек 
формаларына өту сатылары(III): 1-ауыз сифоны; 2-құйрығы, 3-хордасы; 4-
жүйке  түтігі;  5-жүйке  түйіні;  6-ауыз  қуысы;  7-  арқы  ішіегі;  8-желбезек 
саңылаулары;9-жүрегі. 
 
Жынысты көбеюінде ұрықтанған жұмыртқадан еркін жүзетін дернәсіл 
дамиды.  Дернәсілі  ересек  түріне  (7-сурет)  ұқсамайды,  бұл  бір  күн  немесе 
бірнеше сағат дернәсіл  күйінде болады  да, одан кейін ересек  түріне айнала 
бастайды. Дернәсілінде құйрығы, хордасы болады, желбезек саңылаулары аз 
болады.  Ересек  түріне  айналу  кезінде  құйрығы  жойылып,  хордасы  жүйке 
түйініне  айналып,  желбезек  саңылауларының  саны  көбейіп,  қабық  қабаты 
қалыңдайды.  Ауыз  және  аналь  тесігі  жоғары  қарай  ауыса  бастайды, 
нәтижесінде бекініп тіршілік ететін ересек асцидий дамып жетіледі. 
 
Тапсырмалар. 
1. Асцидияның систематикасымен танысып, альбомға жазып алу. 
2.  Лупалардың  көмегімен  асцидияның  ылғалды  препаратынан  ауыз 
тесігін, клоакалы сифондарын табу. 
3.  Микроскоптың  кіші  ұлғайтқышымен  қарап,  асцидияның  ұзын 
кесіндісінің  микропрепаратынан  қандай  ішкі  мүшелерінің  көрініп 
тұрғандығын анықтау. 
4.  Асцидияның  ішкі  құрылысының  суретін  салып,  тиісті  белгілерін 
қою. 
5.  Салған  суреттерін  талдай  отырып,  қайталауға  арналған  сұрақтарға 
жауап беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет