1- сабақ
Хордалылар типі. Басқаңқасыздар тип тармағы.
Басхордалылар класы.
СИСТЕМАТИКАСЫ:
Хордалылар - Chordata
Басқаңқасыздар тип тармағы - Acrenia
Хордалылар класс - Cephalochrdata
Қандауырша тәрізділер - Amphioxirormes
Өкілі: Кәдімгі қандауырша - Branchiosfoma lanceoiatum
Сабақтың мақсаты: Қандауыршаны мысалға ала отырып,
басқаңқасыздардың систематикалық жағдайымен, морфологиялық және
биологиялық ерекшеліктерімен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Микроскоптар, лупалар,
қандауыршаның ылғалды препараттары, қандауыршаның тотальды бүкіл
денесін
қамтитын
препараттары
мен
көлденең
кесіндісі
бар
микропрепараттар, микрокестелер және түрлі-түсті кестелер.
Жалпы түсінік
Қандауырша-ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, балық
пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына
немесе ланцетке ұқсас болғандықтан - қандауырша деп атаған. Арқа қанаты
құйрық қанатына түйісіп, одан әрі тұтасқан түрінде желбезек қуысына дейін
созылады.
Денесінің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық
қатпар болады. Олар артқа қарай атриальдық тесікке дейін созылады.
Денесінің алдыңғы, бауыр жағында 10-12 жұп қармалауыштармен
қоршалған. Ас жолы басталатын ауыз алды тесігі болады.
1-Сурет. Қандауыршаның жалпы құрылысы.
2-Сурет. Қандауыршаның ішкі құрылысы.
Қандауыршаның тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқы
эпидермис, ішкісі- кутис деп атайды. Жоғары дәрежеде дамыған
жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы қандауыршаның эпидермисі
бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады.
Қандауыршаның еті денесіне біркелкі орналаспаған. Ет әсіресе
денесінің арқа бөлімінде көп болады. Ет жүйесі ұзына бойына бөлінген екі-
миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлер бірінен-бірі
миосепта деп аталатын дәнекер ұлпаларымен бөлініп тұрады.
Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Хорда қандауыршаның
арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорда
жасушаларының шығарған заттарынан хорданың сыртын қаптап тұратын
қабық пайда болады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан
тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуолдері бар. Қалың
дәнекер ұлпа хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан жүйке түтігін
қаптап жатады.
Жүйке жүйесі. Қандауыршаның орталық жүйке жүйесі деп аталатын
бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан жүйке түтігі
болады. Жүйке түтігінің бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа
бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты-жүйке қуысы (невроцель) деп
атайды. Қандауырша ұрығының дамуы кезінде жүйке қуысы сыртқы
ортамен-жүйке
(невропор)
саңылауы
арқылы
қатысады.
Ересек
қандауыршалардың жүйке саңылауы болмайды. Мұның орнына дененің бас
бөлімінің үстіңгі жағында ояз қалады оны иіс оязы деп атайды.
Бүкіл жүйке түтігі бойымен, жүйке қуысының жиегіне, сезгіш-Гессе
көзшелері орналасқан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі жасушадан тұрады.
Біріншісі – жарық сезгіш жасуша, ал екіншісі – пигментті жасуша.
Қандауырша миының барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Перифериялық
жүйке жүйесі ми түтігінен кететін жүйкелерден тұрады. Жүйке түтігінің
алдыңғы кеңейген бөлімінен екі жұп жүйке кетеді де дененің алдыңғы
бөліміне тарамданып кетеді, қалған бөлімдерінен басқа жүйкелер тарайды.
Сөйтіп әрбір ет сегментіне екі жұп келеді. Біреуі құрсақ, екіншісі – арқа
жүйесі. Арқа жүйкелері атқаратын қызметіне қарағанда аралас қозғалтқыш –
сезгіш, ал құрсақ жүйкелері таза қозғалыс қызметін атқаратын жүйке болып
саналады.
Сезім мүшелері өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы
жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады.
Сонымен қатар денесінде – эпидермисте бытырап жатқан сезгіш
жасушалары болады.
Ас қорыту және тыныс алу жүйелері. Ауыз алдындағы қармалағыш
түтіктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп
тұратын, етті сфинктер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек
саңылауларын аралап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе
желбезек айналасындағы қуысқа ашылады. Атриальдық қуысы бүйір
қатпарларының өсуінен негізделген. Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді
соның нәтижесінде атриопор деп аталатын тесік пайда болады. Сөйтіп су
жұтқыншақтан желбезек саңылаулары арқылы атриальдық қуысқа одан
атриопор арқылы сыртқа шығады.
3-Сурет. Қандауыршаның ішкі құрылысы.
Жұтқыншақтың құрсақ жағындағы ішкі бетінде өзекшесі болады. Бұл
өзекше безді және кірпішкелі жасушалармен эндостильмен қапталып
тұрады. Ауыз маңына таянғанда өзекше екі айырық болып, жұтқыншақтың
үстіңгі бөліміне қарай созылады. Бұл жерде олар ішекке қарай созылып
жатқан желбезек үсті оязына барып жалғасады. Эндостильдің шырын
шығаратын бездерінің шырынына, су ағынымен ілесіп келген қоректік
заттардың ұсақ бөлшектері жабысып қалады. Эндостильдік эпителий
кірпікшелерінің қозғалуы, шырынға оралған қоректік заттардың ауыз
бөліміне, одан әрі желбезек үсті өзек арқылы ішекке түсуін қамтамасыз
етеді.
Ішегі жіктелмеген бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұрады.
Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір қуыс және тұйық өсінді
шығады. Бұл жоғары сатыдағы омыртқалылардың бауырының қызметіне
ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан, бұл өсіндіні – бауыр өсіндісі деп
атайды.
Қан айналу жүйесі – қарапайым, бірнеше қан тамырларынан ғана
тұрады. Қаны түссіз. Жүрегі болмайды. Жұтқыншақтың астыңғы жағынан
басталған құрсақ қолқасынан бірнеше желбезек артериялары тарайды. Бұл
артериялар желбезек саңылауларының арасындағы қатпарларға келіп
ұштасады.
4-Сурет. Қандауыршаның қан айналу жүйесі.
Желбезек артериялары ұсақ қан тамырларының торларын құрамай-ақ
тотыққан қанды қос желбезек үсті қан тамырларына немесе арқа
қолқасының түбіріне апарып құяды. Қос арқа қолқасының түбірі яғни
желбезек үсті қан тамырлары қатарласып келіп жұтқыншақтың соңғы
бөлімінің тұсына келгенде қосылып, арқа қолқасына айналады. Арқа
қолқасы хорданың астыңғы жағынан денесінің артқы бөліміне дейін
созылады. Арқа қолқасынан ішкі мүшелерге қан тамырлары кетеді. Арқа
қолқасының түбірінен қандауыршаның бас бөлімдерін артерия қанымен
қамтамасыз ететін – ұйқы артериялары тарайды.
Денесінің алдыңғы бөліміндегі қан дененің артқы бөліміне апаратын
алдыңғы қос кардиналдық венаға жиналады. Ал денесінің артқы бөліміндегі
вена қандарын, артқы қос кардиналдың веналар денесінің алдыңғы бөліміне
алып келеді. Жұтқыншақтың артқы бөлімінде, алдыңғы және артқы
кардиналдық веналары өз ара қосылып, оң және сол екі кең, жұқа қабырғалы
кювьеров құйлысын құрайды. Кювьеров құйылысынан вена қандары вена
синусына құйылады. Құрсақ қолқасы осы вена синусынан басталады. Ішкі
мүшелерден жиналған вена қаны – ішек асты венасымен бауырға келіп
енеді. Бұл вена бауырға кірісімен капилляр торларын құрап, бауырдың
қақпа жүйесін құрайды. Бауыр венасымен қан вена синусына барып
құйылады.
Жүрегі болмағандықтан қандауыршаның қаны құрсақ жағындағы
қолқаның жиырылуы мен желбезектегі қан тамырларының төменгі
бөлімінің жиырылып – жазылып тұруы нәтижесінде қозғалады.
Зәр шығару жүйесі-жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген 90 жұп
нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы
желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да, екінші ұшы целом қуысына
еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында бірнеше тесіктер бар. Бұл
тесіктердің іші қуыс. Сырты түйреуіштердің басы сияқты жасушалармен -
соленоциттармен қапталған. Соленоциттардың іші қуыс оның ішіндегі
қозғалып тұратын түктерінің көмегімен целомның ішіндегі зәр заттары
желбезек қуысына келіп, одан сыртқа шығарылады. Қандауыршатердің зәр
заттарын шығару мүшелері кейбір буылтық құрттардың зәр шығару
мүшелерінің құрылысына ұқсайды.
Жыныс жүйесі. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан
ұқсас болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес.Олар
көптеген 25 жұп, шар тәрізді целом қуысының желбезек бөліміне
орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс жасушалары уақытша
пайда болған жыныс жолы арқылы, желбезек қуысына келіп, одан атриопор
арқылы сыртқа суға шығарылады. Жыныстық жасушалар су түбіне жақын
қабатқа барып ұрықтанады, яғни қандауыршатің ұрықтануы сыртта болады.
5-Сурет. Қандауыршаның жыныс жүйесі.
Уылдырықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі
уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды.
Кеште ұрықтанған жұмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму кезеңіне
жетіп үлгереді. Жұмыртқаның бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң,
ұрықтың аузы және алғашқы желбезек саңылауы қалыптасады.
Жұмыртқалары ұсақ және олардың сары уызы аз болады. Сондықтан
да, оның бөлінуі толық және біркелкі түрде жүреді. Әйткенмен, бластула 13-
суреті пайда болғанда жұмыртқаның төменгі вегетативті бөлімінің
жасушалары, оған сәйкес анимальды-құрсақ бөлімінің жасушаларынан
едәуір ірі келеді. Бластуланың төменгі бөлімінің ішіне қарай ояздануынан
гаструла пайда болады. Сондықтан да гаструланың ішкі қабатындағы
жасушалары ірі болады. Гаструла ұзаруына сәйкес гастропор біртіндеп
тарылады. Осы мезгілде ұрықтың үстіңгі бетінде медуляр тақтасы пайда
болып, оның жиектері жиырылып, ұштасуынан түтік түзіледі. Осылайша
түзілген жүйке түтігі алдыңғы ұшымен жүйке саңлауы-невропор арқылы
уақытша сыртқы ортамен қатысады да артқы ұшы гаструла қуысымен, яғни
алғашқы ішекпен жалғасады. Ұрық бұдан әрі дамығанда, жүйкелік ішек
қуысы мүлдем жойылып, невропордың орнына иіс оязы қалады.
Осы мезгілде эндодерма да жіктеледі. Алғашқы ішектің арқа
бөлімінде оның тұрқына сәйкес созылып жатқан өсінді пайда болады.
Келешекте бұл өсіндіден жіп тәрізді тығыз хорда пайда болады.
Дәл осы кезде, хорда нұсқасының екі бүйірінен екі қатар болып
симметриялы орналасқан ішек қатпарлары пайда болады. Олар өсе келіп жіп
тәрізденіп, одан бір жұп мезодерманың алғашқы нұсқасы-метамерлі
орналасқан целом қапшықтары пайда болады. Ұрықтың келешек даму
кезінде әрбір целом қапшығы екі бөлімге үстіңгісі-сомит, астыңғысы - бүйір
тақтасына бөлінеді. Сомит қуыстары өзара қосылмай, біртіндеп жойылып
кетеді де, керісінше бүйір тақталарының қуыстары өзара қосылып екінші
дене қуысын, немесе целомды құрайды.
Сомитте мына томендегі нұсқалары бар өсінді байқалады: сомиттің
ішкі төменгі бөлімін-склеротом деп атайды. Ол хорданы, жүйке түтігін,
жүзу қанаттарын, тірек қауырсындарын қаптап тұратын дәнекер
қынаптарын құрайтын жасушаларды түзеді және одан миосепталар да
қалыптасуы мүмкін. Сомиттің хордаға тиіп жататын бөлімін миотом деп
атайды. Бұдан тұлға еттері пайда болады. Сомиттің сыртқы бөлімі тері
жапырақшасы деп аталады. Бұдан терінің дәнекер қабаты кутис пайда
болады.
Бүйір тақтасынан шарбы, шажырқай бұлардан ұзын канал тәрізді қан
тамырлары пайда болады. Ішек еттері, көлденең жолақты бұлшық еттер
дамиды. Нефридиялық түтіктер саусақ тәрізді өсінділер түрінде дененің
екінші қуысының қабырғаларынан пайда болады. Сомит және бүйір тақтасы
екіге бөлінген жердің аралығынан гонадылар дамиды, мұны гонотом деп
атайды.
Ауыз гастропорға қарама-қарсы жатқан алғашқы ішектің ұшының
ілгері шығуымен актодерманың оған қарсы түрілген жерінен пайда болады.
Олардың түйіскен жерінің жарылуынан ауыз тесігі пайда болды. Ұрықтың
астыңғы сол жақбетінде ассимитриялы түрде ауыз тесігі және желбезек
саңлаулары дамиды.
Атрияльдық қуыс басқаңқасыздар денесінің құрсақ жағындағы бетінде
алғаш науа түрінде пайда болды. Осы науа тәрізді қатпардың жиектері өсе
келіп, бірімен-бірінің ұштасуынан дене қуысы пайда болады. Дененің артқы
бөліміне жеткенде бұл қатпарлардың беттесуінен тесік қалып, ол сыртқа
ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |