Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

 
Ғаламдық  проблемалар 
Әлемді  тұтас  қамтитын  табиғи,  табиғи  -  антропогендік  немесе  
антропогендік  құбылыстар.  Ресейлік  ғалым  В.П.Максаковскийдің 
анықтамасы бойынша, ғаламдық  проблемалар  деп  бүкіл  дүниежүзін, 
бүкіл    адамзатты  қамтитын,  оның    қазіргісі    мен  болашағына  қауіп 
төндіретін  және    өзінің  шешілуінде  бірігіп  күш  жұмсауды,  барлық 
мемлекеттер  мен  халықтардың  біріккен  әрекетін  талап    ететін 
проблемаларды    атайды.  Ғаламдық    проблемалар  сипаты  жағынан 
әртүрлі болады. 
• 
Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану 
• 
Азық-түлік  проблемасы 
• 
Энергетика және  шикізат проблема 
• 
Демографиялық проблема 
• 
Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемасы 
• 
Экологиялық  проблемалар 
• 
Қауіпті ауруларды жою 
• 
Дамушы елдердің  арттақалушылығын жою 
• 
Ғарышты  бейбіт мақсатта  игеру 
• 
Қылмыспен және терроризммен күрес 
• 
Наркобизнеспен күрес 
Ғаламдық проблемалардың пайда болуына және одан әрі 
шиеленісуіне көптеген факторлар әсер етеді: 
-жаппай қырып-жоятын қару түрлерін молайту нәтижесінде 
адамзат өркениетінің тіршілігіне қауіп төнуі; 
- адамның шаруашылық әрекетінің табиғи ортаға кері ықпал етуі 
арқылы экологиялық  жағдайдың  төмендеуі; 
- дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық 
даму деңгейлері арасындағы алшақтықтың ұлғаюы; 
- табиғат  ресурстарын  пайдаланудың күрт артуы; 
Жалпы  адамзаттың  тіршілік  ортасының    экологиялық 
өзгерістерінен  ғаламдық  проблемалардың  шиеленісуі    адамзат 


 
 
29 
өркениетінің  өзін-өзі  жоюына  қауіп  туғызуы  мүмкін.  Ғаламдық 
проблемалар  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Энергетикалық  және 
шикізат  проблемалары  экологиялық  проблемамен,  экологиялық 
проблема    демографиялық  проблемамен,  ал  демографиялық  проблема 
азық-түлік проблемасымен  тығыз  байланысты.Экологиялық  проблема  
ғаламдық    сипатына  қарай  басты  орында,  себебі  адамзат  тіршілігінің 
қалыптасуы  мен  жойылуы  экологиялық  проблемаларды  шешу  мен 
алдын-алуға  байланысты.  Ғаламдық  экологиялық  проблеманың  пайда 
болуына 
атмосфера 
мен 
гидросфераның 
өнеркәсіп 
және 
ауылшаруашылығы  қалдықтармен,  ал  дүниежүзілік  мұхит  суларының 
мұнаймен  ластануы,  топырақ    қабатында  ауыр  металдар  мен  улы 
заттардың  шоғырлануы,  тұрмыстық  қалдықтар  көлемінің    артуы  адам 
денсаулығына  кері  әсерін  тигізіп,  әртүрлі  зардаптарын  тигізуде.  БҰҰ-
ның  ғаламдық  экологиялық    мониторинг  жүйесінің  мәліметтеріне 
қарағанда, 
өзендердің 
нитраттармен, 
фосфаттармен 
 
және 
пестицидтермен,  қалдық  сулармен  ластануы  артуда.  Адамзаттың 
қажеттілігі  үшін  тау-кен  және  құрылыс  материалдарын  өндіру, 
энергетика,  қара  және  түсті  металлургия,  мұнай  өндіру  мен  өңдеу, 
химия  өнеркәсібі,  целлюлоза-қағаз  өндірісі,  жеңіл  және  тамақ 
өнеркәсіптерін өндіру Жердегі тіршілік үшін  қауіптілігі шексіз. Химия 
өнеркәсібі  ауаға  стирол,  фенол,  ацетон,  күкірт  диоксиді,  күкірт 
ангидриді  улы  қосылыстарды  бөледі.  Ал  автокөліктер    қара    қоқшыл 
фотохимиялық    улы  тұманның  пайда  болуына  әсер  етеді  және  
атмосфера  ластануының  60%-ын қалыптастырады. XX ғасырдың  80-
жылдарынан  бастап  Жер  шарында  «климаттың  ғаламдық  жылынуы», 
«озон  қабатының  жұқаруы»,  «жылу  эффекті»  жиі  айтылуда. 
Ғалымдардың  болжамы  бойынша  Жер  шарында  2020 жылға  қарай  ауа  
температурасы    қазіргі  кезеңмен  салыстырғанда  2,5°С-қа,  ал  2050 
жылға қарай 4°С-қа жоғарлайды. Ғаламдық жылыну әлемдік мұздықтар 
көлемінің  азаюына,  жауын-шашын    мөлшері  мен  жел,  мұхит 
ағыстарының  өзгеруіне  әсер  етеді.  Осының    нәтижесінде    дүниежүзі  
мұхит  суының    деңгейі  көтеріліп,    мұхит    жағалауларындағы    елді-
мекендер    мен    аралдарды    су  басуы    және    адамзат    үшін      апатты  
экологиялық,  экономикалық    проблемалар  мен  дағдарыстар    пайда 
болуы  мүмкін.  Сондықтан    әрбір    ғаламдық    проблеманы    ғаламдық 
деңгейде  міндетті    түрде    шешу  қажет,    себебі  оның  дамуы  апатқа  - 
өркениеттің  жойылуына  әсер  етеді.  Ғаламдық  проблемаларды  шешу 
үшін  ғаламдық,  аймақтық,  ұлттық  бағдарламалар  жасалады,  бірақ 
оларға  келісушілік  және  үйлестірушілік  жетіспейді.  Дүниежүзінде  
ғаламдық      проблемаларды    шешуге  жұмсалатын  шығындардың 
жартысына  жуығын  экологиялық  проблемаларды  шешу  шығындары  
құрайды.  


 
30
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
 
      1-сурет                             Жер шарындағы ядролық сынақтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет