Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Су қоры. Жер беті және жер асты суының ластануы



Pdf көрінісі
бет29/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

Су қоры. Жер беті және жер асты суының ластануы 
Дүние  жүзілік  су  қорларының  ластануы  бүкіл  адамзат  қауымын 
алаңдатып  отыр.  Судың  ластануы  көп  түрлі,  әрі  ең  соңында  су 
экожүйесін  ластаумен  аяқталады.  Су  айдындарының    ластануы 
төмендегі топтарға бөлінеді: 
-биологиялық  ластану 
өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар 


 
 
41 
-химиялық ластану 
уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер 
-физикалық ластану 
жылу-қызу,  электромагнитті өріс,   радиоактивті заттар 
Судың  сапасы,  ластану  деңгейі  үнемі  бақылауға  алынып 
отырады.Судың  құрамындағы  химиялық  қоспалар,  тұздық    құрамы, 
еріген бөлшектер, температура  әр түрлі  болуы  мүмкін. Дүниежүзілік  
денсаулық    сақтау    ұйымы    ауыз    судың  100-ден  астам  сапалық 
көрсеткішін  ұсынған.Су  бассейінің  ластануының  негізгі  себептері-
тазартылмаған ағын суларды өзен- көлдерге жіберу. 
  Атап айтсақ; 
- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; 
- өнеркәсіп орындары; 
- ауыл шаруашылығын химияландыру; 
-шаруашылықтың  басқа  да  салалары. 
Ағын  суларға  құйылатын  лас  сулар  да  бірнеше  топқа  бөлінеді. 
Оларды 
қоспалар(ерімейтін, 
коллоидты, 
еритіндер)лас 
сулар(минералдық,  органикалық,  бактериялдық,  биологиялық)деп 
жіктеледі.  Лас  сулардың  ішінде  тұрмыстық  сарқынды  суларда 
органикалық  заттар  58%  минералдық  заттар  42%-тей  болады. 
Өнеркәсіпте пайдаланатын сулар мен синтетикалық жуатын  заттармен  
судың    ластануы    өте  қауіпті.  Бұл  заттар-химиялық  ластану 
көздері.Соның  ішінде  сулы  экожүйелердің    пестицид,  гербицид  және 
басқа  да  химиялық    улы    препараттармен  ластануы  Қазақстанда  кең 
етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша,теплица 
зиянкестеріне  қарсы  бұрыңғы  Кеңес  өкіметі  кезеңінде  өте  көп 
химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы 
мен микрофлорасы  және  микрофаунасы, ірі жануарлар,құстар зардап 
шеккен.  Химиялық    заттардың    зиянды    қосылыстары    азық-түлікпен  
адам  организміне    кері    әсерін  тигізеді.  Қазіргі  кезде  ашық  өзен,  көл 
суларымен  бірге    жер  асты  сулары  да  сарқынды,  шайынды  сулармен  
және  еріген зиянды заттармен ластанып отыр. 
Негізгі ластаушы көздері мыналар: 
өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар; 
химиялық заттар және тыңайтқыштар; 
тұрмыстық қалдықтар; 
жер асты суымен жалғанатын құбырлар; 
ірі құрылыс учаскелері; 
сүзгі алаңдар,бұрғы-скважиналар болып табылады. 
Сонымен  бірге    жер  асты  суларында  әр  түрлі  жұқпалы  ауру 
тудыратын    микробтар,  вирустар    кездесед.і  Судың    ластануы  мен  су 
тапшылығын    көптеген  ғалымдар  соңғы  кездегі  атмосферада  көмір 


 
42
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
қышқыл  газы  мөлшерінің  көбеюіне  байланысты  температураның 
көтерілуімен 
байланыстырады. 
Осыдан 
бірін-бірі 
тудыратын 
проблемалардың  тізбегін  жасау  қиын  емес:  энергияның  көп  бөлінуі 
(энергетикалық  проблемаларды  шешу)  -  парникті  эффект  —  су 
тапшылығы  —  азық-түліктің  жетіспеуі  (өнімнің  болмауы).  Соңғы  100 
жылда температура шамамен 0,6°С-қа көтерілді. Көмір  қышқыл  газы, 
метан    және    басқа    да  газдар  жылу  сәулелерін  сіңіріп  парникті 
эффектіні  (жылу  эффектін)  күшейтуде.  Одан  да  маңызды  фактор  - 
тұрмыстық  және  өнеркәсіптік  мақсатта  суды  көп  пайдалану  және  су 
шығынының  артуы.  Осының  әсерінен  Үндістан,  Қытай,  АҚШ-тың 
кейбір  аудандарында  жер  асты  суларының  деңгейі  айтарлықтай 
төмендеді.  Кейбір  жерлерде  суғару  жұмыстары  үшін  жаңбыр  суын 
емес, тереңде орналасқан  қазба  суларын  пайдаланды. Қытайдың ұлы 
өзендерінің бірі Хуанхэ өзені  Сары теңізге тек ылғалды жылдары ғана 
жетеді. АҚШ-тағы ірі Колорадо  өзені  де  Тынық  мұхитқа аз мөлшерде 
су  құяды.  Амудария  мен  Сырдария  өзендері  де  бұрынғыдай  Арал 
теңізіне  жете  бермейді.  Судың  тапшылығы  мен  ластануынан  көптеген 
аймақтарда  экологиялық    жағдай  төмендеп   азық-түлік    тапшылығына  
әсер етуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет