Озон қабатының жұқару проблемасы (озоносфера)
Озон қабаты Жер шарын ғарыштан келетін ультракүлгін
сәулелерден қорғайды. Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны
0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы
2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің
ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оттегінің молекуласынан (0
2
) озон
молекуласы (О
3
) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы
болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік
нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне
қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына
(6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те
атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін сәулелерді
10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан Күннің ұзын толқынды
ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті
бұл сәулелер адам үшін пайдалы: терімізді қарайтып күйдіреді,
31
организмнің
қорғаныштық
қызметі
артады.
Озоносфераның бұзылуы жер бетіндегі экологиялық
проблемалардың пайда болуына, климаттың жылынуы мен қатерлі
тері, ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке
жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер
мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1978 жылдан
жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Антарктидадағы
ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден
атмосферадағы озон мөлшерінің азайғандығы мен құрамының
төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон қабатының жұқаруы»
деген атау алды және озон қабатының жұқару картасын жасауға
негіз болды. Озон қабатының жұқарған бөлігі ауданы бойынша АҚШ
жерінің ауданымен шамалас болып шыққан. 1987 жылдың
көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон қабатының жұқаруы»
барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни,
ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген.
Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек-қараша айларында байқалып,
маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады.
Ғалымдар озон қабатының жұқаруын атмосфера құрамындағы
хлорфторсутекті
қосылыстар-фреондардың
көбеюі
салдарынан
болатынын дәлелдеді. Қыс кезінде Антарктида үстіндегі атмосфера
қабатында полюс маңы құйыны пайда болады. Ол материк үстіндегі
ауа қабатын қозғалысқа келтіреді. Қозғалыс әсерінен жоғары
көтерілген фреон ғарыштық сәулелер әсерінен ыдырап, құрамынан
хлор бөлініп шығады.Хлор озон молекуласымен әрекеттесіп, пайда
болған қосылыс төменгі температурада 90°С қатады. Көктемде күн
сәулесі әсерінен қосылыстар қайта ыдырап оттек пен хлор пайда
болады. Хлордың озон молекуласын ыдырату әрекеті жалғасып (1
хлор атомы 100 мың озон молекуласын ыдыратады) озон мөлшері
97%-ға дейін азаяды. Жазда полюс маңындағы құйын әрекеті азайып,
озоны азайған ауа Жер шарының басқа аймақтарына ауысады. Басқа
аймақтардан келген ауа есебінен озон қабаты келесі көктемге дейін
қалпына келгендей болады.
32
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
2-сурет. Озон қабатының жұқаруы (1982-1994жж)
Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері
Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем
(қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Еуропа, АҚШ, Тынық мұхит,
Ресейдің Еуропалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан
- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен
оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені
(50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты
шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік
аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының,
Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны
тіркелген. Ғалымдар озон қабатының жұқаруын дыбыстан, жылдам
ұшатын реактивті ұшақтар мен ғарыштық зымырандарды жиі
ұшырудың да әсері болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Озон
қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада
елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі
экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне
ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және
ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық
жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Алайда озон қабаты үшін
ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын
мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар.
Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде
қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің
атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай
озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі
бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп
отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Еуропа елдері, 10-12%-ын
Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді. Озон қабатының бұзылуы адам
денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де
айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет.
Озон қабатының жұқаруын тежеу мақсатында 1985 жылы Вена
33
конвенциясында, 1987ж. Монреаль хаттамасында озонды ыдырататын
қосылыстарды шығаруды шектеуге және фреондарды өндіру және
пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды.
Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010
жылға дейін тоқтатылуы керек болатын. Қазіргі кезде дүниежүзі
қауымдастығы бұл шарттардың орындалуына басты назар аударуда.
Достарыңызбен бөлісу: |