Парникті эффект (жылу эффекті)
Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптер мен
автокөліктерді шектен тыс пайдалану күкірті ангидрид, көмір
қышқыл газ (С0
2
), азот оксиді, көмірсутектер, яғни, метан (СН
4
), этан
(С
2
Н
6
) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей
аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына әсер
етеді. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде Күн сәулелері Жер бетіндегі
топырақ, өсімдіктер жамылғысына тез сіңіріледі. Жер беті қызған соң
жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға
қайта береді. Алайда, бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай
жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу
энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды
қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді.
Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су булары) жылу сәулелерін
сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С0
2
-нің концентрациясы
жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО
2
-нің
мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа
көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни,
Антарктидадағы мұздықтардың еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа
деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және
басқа
да
жағымсыз
жағдайларға
алып
келеді.
Парниктік газдар, олардың ішінде, әсіресе көмірқышқыл газы
жердің бетінен ұзын толқынды жылу сәулелерінің бөлінуіне кедергі
жасайды. Г.Хефлингтің пікірінше (1990), парниктік газдармен
қаныққан атмосфера парниктің жоғарғы төбесі секілді, бір жағынан,
күн сәулелерін ішке қарай көптеп өткізсе, екінші жағынан, Жердің
бетінен бөлінген жылудың таралуына кедергі жасайды.
Отынның түрлерін көптеп жағу нәтижесінде (жыл сайын 9 млрд.
аса отын жағылады), атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері
жоғарылап бара жатыр, сол сияқты фреондар (хладондар), метан мен
азот оксидтері де көптеп бөлінуде, нәтижесінде ғылымда «парниктік
эффект» деп аталатын құбылыс Жер беті атмосфералық ауаның
температурасының біртіндеп жоғарылауына себеп болып отыр. БҰҰ-
ның мәліметтері бойынша, 2050 жылға қарай Жердің
атмосферасының температурасы 2-4ºС қа жоғарылауы мүмкін.
34
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік
ластануының әсерінен пайда болуда. Бұл климаттың және биотаның
өзгеруі:
экожүйедегі
өнімділік
процестерінің,
өсімдіктер
қауымдастықтары
шекараларының,
ауыл
шаруашылығы
дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен айқындалады. Әсіресе
климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта
ендіктерінде жоғарғы деңгейде байқалады. Бұл аймақтардың
табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның
қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша,
температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады.
Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей
жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне
байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз
кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су
астында
қалуына
алып
келеді.
Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің
температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес,
өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен
салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін
азайту керек. Алайда, бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін
күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына
күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда
әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді
азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім
қабылданды.
Өкінішке
орай,
көптеген
елдер
көміртегінің
атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес
адам іс-әрекеттерінің әсері деп айқындауда.
3-сурет Қоршаған ортаның өнеркәсіп қалдықтарымен ластануы
(2012ж)
|