37
жылы Лондон қаласында улы қара тұмандық түтін 2 жұма бойы
тұрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Себебі
ауасы лас қалада жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы күкіртті
ангидридтің мөлшері қатты көбейіп кеткен.
XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Лос-Анджелес
қаласында да жылдың жылы маусымында, әдетте жазда және ерте
күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл
тұманды фотохимиялык, тұман деп атайды. Атмосфера қабатында азот
оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялық
реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның
Лондондық тұманнан айырмашылығы автокөлік газдарынан пайда
болады. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй
жануарлары (ит, құс) өле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап,
көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының
тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың қозуына алып
келеді. Улы тұман өсімдіктерге, әсіресе бұршақ, қызылша, астық
тұқымдастар, жүзім және сәнді өсімдіктерге де зияны көп. Алдымен
жапырақтары ісініп, біраз уақыттан кейін жапырақтың төменгі жағы
ақшылданады және сарғаяды да, өсімдік қурай бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: