4
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
Әлеуметтік экология және тұрақты даму курсының негізгі
мақсаты-қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастарға жан-
жақты талдау жүргізу, экологиялық мәселелерді мемлекеттік саясат
пен қоғамның іс-әрекетін парасаттылықпен бірге жүргізіп
қоғамдағы әрбір адамзаттың сана-сезімі жоғары деңгейге жеткенде
ғана шешуге болатынын айқындау. Жер шарындағы ғаламдық
проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын
сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды
үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адами -
нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Курстың міндеттері:
- әлеуметтік экология және тұрақты дамудың экологиялық пәндер
арасындағы орнын анықтау:
- адамзат өркениет дамуының қазіргі кезеңінде әлеуметтік
экологияның сұранысқа ие болу себептерін ашып көрсету:
- адамның өзінің тіршілік ету ортасымен әсерлесуінің жалпы
заңдылықтарын ашып көрсету:
- адамды қоршаған ортаға антропогендік әсер етуіне байланысты
әлеуметтік - экологиялық проблемаларға талдау жасау:
- әртүрлі деңгейдегі биологиялық және геоэкологиялық жүйелердің
орнықты қызмет атқаруының заңдылықтары туралы білім беру:
- халықаралық және мемлекеттік институттардың Жер
биосферасы мен оның жекелеген бөліктерінің орнықтылығын
қамтамасыз етуге бағытталған қызметін көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: