62
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
бөлігіне айналуы қажет, сондықтан оны жеке-дара қарастыру
мүмкін емес;
-
қоршаған ортаны жақсарту мен сақтау қажеттілігін қазіргі
ғана емес, болашақ ұрпақтың алдына қойылатын мақсаты
ретінде қарастыруы қажет;
-
елдердің даму деңгейлері арасындағы алшақтықты азайту және
кедейлік пен қайыршылықты жою;
-
елдер тұрақты дамуға қол жеткізу үшін өндіріс пен
тұтыныудың осы мақсатқа кедергі келтіретін мәселелерін
мүлде пайдаланбауы немесе шектеуі қажет.
Сонымен тұрақты даму концепциясы өзара тығыз байланысқан
үш құрамдас бөлікті: экожүйелерді пайдалану, тиімді экономика,
әділетті қоғамды біріктіреді. Ал тұрақтылық принциптері табиғат,
экономика,
әлеуметтік
элементтерді
біртұтас
жүйе
ретінде
қарастырады.
“Тұрақты даму” дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін
қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін
қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. “Біз
ата-бабаларымыздың жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің
балаларымыздан қарызға алдық”. (БҰҰ материалдарынан).
Достарыңызбен бөлісу: