Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет48/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

 
1-бап. Анықтама 
Бұл конвенцияның мақсаты: 
«Климаттық өзгерудің қолайсыз нәтижелері»дегеніміз климаттың 
өзгеруінен  пайда  болған  физикалық  орта  мен  биоортадағы  өзгерістер; 
бұлар  табиғи  және  реттеуге  болатын  экожүйенің  қалпына  келу 
өзгешелігіне  және  құрамына,  әлеуметтік-экономикалық  жүйелердің 
қызметіне  немесе  адамның  денсаулығы  мен  әл-ауқатына  елеулі  түрде 
нұсқан келтіреді. 
«Климаттың    өзгеруі  »дегеніміз    адамдардың    тікелей    немесе  
жанама    түрдегі    іс-әрекетінің    нәтижесінде  пайда  болған  климаттағы 
өзгерістер;  бұлар  орасан    зор    атмосферадағы    өзгерістер,  оны 
салыстыруға  болатын  уақыт    аралығындағы    табиғи    және  
антропогендік  өзгерістерден  байқаймыз. 
«Бөліну»  дегеніміз  нақтылы  бір  уақытта,  нақтылы  бір  аймақтық 
үстіне  уланған  газдардың  төніп  баруы  немесе  олардың  атмосфераға 
тасталынуы. 
«Буланған  газдар»дегеніміз  табиғи  да,  антропогендік  жолмен  де 
пайда  болған  атмосферадағы  газ  тәрізді  құрмалар,  олар  инфрақызыл 
сәулені жұтады және шағылдырады. 
«Экономикалық    интеграциялық    аймақтық    ұйымы»дегеніміз 
тәуелсіз мемлкеттің белгілі бір аумақта құрған ұйымы: оның ауқымына 
осы Конвенцияның немесе хаттамаларының реттеп отырған мәселелері 
де  енеді  және  ол  ішкі  әрекеттеріне  лайықты  құжаттарға  қол 
қоюға,ратификация  жасауға  және  бекітуге  немесе  сол  құжаттарға 
қосылуға өкілетті. 
«Жинағыш»  дегеніміз  климат  жүйесінің  құрамы  немесе 
құрамдастары,  оларда  буланған  газдар  шоғырланады  немесе  буланған 
газдар жиналады. 
«Жұтқыш»  дегеніміз  атмосферадағы  буланған  газдардың  немесе 
аэрозолды,  буланған  газдарды  сіңіріп  алатын  кез  келген  процесс,  іс-
әрекеттің түрі немесе механизмі. 


 
66
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
«Шығу  көздері»дегеніміз  кез  келген  процестің  немесе  әрекеттің 
нәижесінде  буланған  газдардың  шоғыры  немесе  аэрозолдың,  буланған 
газдардың атмосфераға бөлініп шығуы. 
2-бап. Мақсаты 
Бұл  Конвенцияның  түпкі  мақсаты  және  Қатысушы  жақтар 
Конференциясы қабылдай  алатын барлық құжаттардың мәні  жүйесіне 
қауіпті  антропогендік  әсер  етуге  жол  бермейтіндей  деңгейде 
атмосферадағы  буланған  газдардың  шоғырлануын  тұрақтандыратын 
жағдайға  жету  үшін  Конвенцияның  осыған  сәйкес  ережелерін 
орындауға қол жеткізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет