3-бап. Принциптері Конвенция мақсатына жету жолында, оның ережелерін іске
асыруда қатысушы жақтар өз қызметіне мыналарды басшылыққа
алады:
1.Қатысушы жақтар адамзаттың қазіргі және болашақ
ұрпағының игілігі үшін әділеттік негізде және бәріне ортақ, бірақ
салаланған жауапкершілігіне және қолда бар мүмкіндігіне орай климат
жүйесін қорғауға тиіс.
3. Қатысушы жақтар алдын ала болжау мақсатында немес
климаттың өзгеру себебін мейлінше залалсыздандыруды және оның
зиянды нәтижелерін азайтуды алдын ала ескерту шараларын жүргізу
керек.
5. Халықаралық экономикалық жүйенің ашық және игілікті
жағдайын қалыптастыруға ықпал ету үшін Қатысушы жақтар өзара
қарым-қатынас жасау керек,бұл жағдай қатысушы жақтарды,
әсіресе,оның ішінде дамушы елдер орнықты өсіп-өркендеуге және
дамуға алып келер еді де, сөйтіп климаттың өзгеру проблемаларына
олардың жауап қатуына оңтайлы мүмкіндік жасар еді.