Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Қоршаған  ортаның  қауіпсіз  тіршілік  әрекетін қамтамасыз ететін



Pdf көрінісі
бет76/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

Қоршаған  ортаның  қауіпсіз  тіршілік  әрекетін қамтамасыз ететін 
шарттар мен факторлар 
Экологиялық  шарттар - адам денсаулығының күй-жағдайын және 
оның  ұзақ  өмірінің  анықтаушы  факторлардың  бірі  болып  табылады. 
Экологиялық  шарттар  денсаулық  кабілеттігіне  және  адамдардың  бұл 
сферада қабылдау шешіміне әсер етеді, сонымен қатар олар әлеуметтік 
интеграция  болашағын  және  экономикалық  дамуды  анықтайды. 
Экологиялық  өзгерістер:  ластану  мен  қоршаған  орта  қасиеттерінің 
нашарлауы,  климаттың  тербелулері  және  экстремальді  жылдық 
құбылыстар  адам  денсаулығына  және  дамуына  әсерін  тигізеді. 
Экологиялық  шарттар  маңызды  дәрежеде    жұқпалы  аурулардың 


 
106
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
таралуына  жағдай  жасайды: жыл сайын 20-25 % барлық өлімдер бүкіл 
әлемдегі жұқпалы аурулардан тарады. 
Жер  пайдалануын  өзгертудің  нәтижесінде  жаңа  табиғи  орталар 
ауру  жұқтыратын  организмдердің  көбею  қабілетін  жасайды.  Мысалы, 
жер  суландыратын  жұмыстар  мен  ағаш  бөгеттердің  кезінде 
аурулардың  таралуына  әсер  еткен.  Адамның  денсаулық  деңгейін 
анықтаушы  шарттарының  өзгеруі  болашақтың  дамуының  түзілуіне 
және  кедейлікті  жеңуіне  әсер  етеді.  Ал,  олар  оз  кезегінде  адам 
мекендеу  ортасымен  және  оның  әлеуметтік  жағдайымен    байланысты 
болады. 
Демографиялық өзгертулер және денсаулық
 Экологиялық 
өзгерістерге 
қалалардың 
күй-жағдайларын 
жақсартудың    әсері  бар.  Ертеден  келе  жатқан  холера  ауруының 
қауіптілігін  19-шы  ғасырда  Еуропада  су  құбыры және  канализациялар 
арқылы  жойған.  Қиралған  үйлер  жағдайының  қиындығы,  әсіресе, 
қалалық  жерлерде  инфекция  таратуына  әкеп  соқтырады.  Ең  төменгі 
деңгеймен тапқан табыстары адамдардың пәтер-үйдің қымбатшылығы 
және  жанұялардың  үлкендігі  нәтижесінде  осы  проблемалар  пайда 
болады.  Балалар  арасындағы    өлім-жітім  дамушы  кедей  елдердің 
қалаларында  жоғары  болған.  Бұл  айырмашылық  экологиялық 
жағдайына  байланысты  мынадай  аурулармен  тіркелген:  туберкулез, 
сүзек және де т.б. 
Ірі  қалалардың  сауда  аралық  байланысы,  экономикалык 
интеграциялануының 
күшеюі, 
орталық 
пен 
транспорттық 
байланыстардың жақсаруы көптеген аурулардың таралуына  әсер етеді, 
соның  ішінде  ең  қауіпті    ЖҚТБ  ауруы.  Ашық  аумаққа,  жаңа  
қалалардың  қоршаған  ортаны    игеруі,  ауылдық  жерлердің  игерілуі 
халық санының өсуіне әсер етті. 
Қоршаған    ортаның  ластануы  және  денсаулыкка  қауіптілігі. 
Әлемде ауа ластануынан жыл сайын 2,7-3 миллион адам өмірден өтеді. 
Ең  қауіпті  ластаушылар:  күкірт    тотығы  -  бұл  көп  мөлшерде    күкірті  
бар мұнай және көмір жануының нәтижесінде пайда болатын газ: ауада 
өлшенген  шағын  бөлшектер  -    тұрмыс  зат  мақсатында  ашық  оттың 


 
 
107 
қолдану  нәтижесінде,  энергетикалық    және  өнеркәсіпте,  дизель 
қозғалтқыштардың пайдалану кезінде пайда болады; көміртек тотыгы -
автокөліктердің пайдаланылған газдарының құрамында болады; озон – 
бұл  күн  сәулесінің,  транспорттық  көліктердің  пайдаланылған 
газдарының  нәтижесінде  пайда  болған    тұманның    әсері.  Озон  қабаты 
бүкіл  Жер  шарын  қамтиды  және  10-15  км  биіктікте  орналасқан, 
жоғарғы  концентрациясы  20-25  км  кашықтықта.  Озон  қабатының 
жұқаруы  атмосфераның  жер  бетіндегі  барлық  тіршілікті  ультракүлгін 
сәулелерден  қорғау  мүмкіндігін  азайтады.  Озон  қабатының  жұқару 
себептері  ғылымға  әлі  белгісіз,  ол  табиғи  себептерден  де  немесе 
антропогенді  әсерлерден  де  болуы  мүмкін.  Атмосфералық  ауадағы 
қорғасын  -  этилді  бензиннің  немесе  көмірдің  жану  нәтижесінде  пайда 
болады. Атмосфералық  ауаның  ластануы тек  адам денсаулығына ғана 
емес,  басқа  да  жағымсыз  әсерді  көрсетеді.  Атмосфералық  тұнбаларда  
химиялық    заттардың    еруі  қышқылды  жауын-шашыы  проблемасын 
тудырады.  Қышқылды    жаңбырлардың    кері    әсерлері    алуан  түрлі: 
топырақ,  су    жүйелерінің,  өсімдіктер,  архитектура  ескерткіштері, 
құрылыстар  жэне  де  басқа  объектілер  оның  салдарынан  бүлінеді. 
Органикалық тегі берік ластайтын заттардың әсері. Қоршаған ортаның 
ластануы  автомобильдік  және  өнеркәсіпті,  тыңайтқыштарды  қолдану 
және  пестицидтер  нәтижесінде,  сонымен  қатар  қалдықтардың  көму 
концентрациясы    көп  мөлшерлі  химиялық  заттардың  үлкен  әсерін 
тигізеді. Химиялық заттардың жиыны бізді қоршаған ортада 50-100 жыл 
бұрын болған жоқ. 
Адамдар  сапасыз  ауылшаруашылық  өнімдерін,  малдан,  құстан 
және  балықтан  жасалған  өнімдерді  тұтыну  арқылы  ластайтын  
заттардың ірі өндірушілері болып саналады. Мысалы, жаңа химиялық 
заттардың  қолдануы  жөнінде  АҚШ-пен  салыстырғанда  Еуропалық 
бірлестікте үлкен сақтык тенденцияда болады. 
Эндокриндік    -    синтетикалық  химялық  зат,  организмге  тиген 
жағдайда гормондардың  қалыпты  өндіру процесіне енеді де, кейде әр 
түрлі  бейнемен  олардың  санын  өзгертеді.  Мұның  әсерінен  ойдың 
қабілетгілігін төмендетеді, жағымсыз әсер етеді.  


 
108
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
Фталаттар  -  бұл,  поливинилхлоридтің  құрамында  бар 
пластификаторлар,  пластикалык  пакеттердің  даярлауы  кезінде,  күре 
тамырға  салу  инъекцияларға  арналған  жүйелерді,  сонымен  қатар 
сабында,  шаштарға  арналған  лактарда  жэне  тырнақ,  басқа  да 
косметикалық өнімнің жасалуына қолданылады. 
ПХД - олар ластанған өзендердің бассейндерінде, қалдық  қоқыс 
тастайтын жерлерде және қалдықтарды көмуге арналған полигондарда 
қолданылады. 
Диоксиндер  -  қалдықтарды  өртеу  кезінде  және  өнеркәсіптің 
нәтижесінде      пайда      болады.      Еуропалық      Одақтың      бүгінгі   
ұсыныстары      химиялық  заттардың  мұқият  тексерулерін  көбірек 
зерттеу  нэтижелері  қажетгілігін  көрсетеді.  Оған  қажетті  заң  шығару 
мен қабылдауы қажет.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет