141
«Жаратылыстану» пәні бойынша №1
1. ТАӘ:
Айтбекова Ботакоз Оразымбетовна, еңбек өтілі: 23 жыл, 9 ай, санаты: жоғары,
педагог
зерттеуші, өңір: Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназия.
2.
Білім алушының аты-жөні (кез келген лақап ат), сыныбы: Б., 3-сынып.
3.
Білім алушының ерекше қажеттіліктерінің қысқаша сипаттамасы, «күшті»
және «әлсіз» тұстары: Б. нашар естиді. Екі құлағының есту деңгейі 30% құрайды. Екі
құлағына да есту аппараттарын тағады. Б. сынып оқушыларымен өте жақсы қарым-
қатынаста. Ол қысқа сөйлемдер арқылы өз ойын жеткізеді. Күшті жақтары: Б. бір минутта
60-75 сөзге дейін оқиды. Асығып оқығанда кейбір сөздердің дыбысталуы бұзылып естіледі.
Математика сабағын өте жақсы көреді. Көбейту және бөлуді жақсы меңгерген. Амалдарды
орындау кезінде бағандап есептеуден үздік. Басқа да математика тапсырмаларын жақсы
орындайды. 1-2 шумақты өлеңдерді айта алады. Бірақ кейде сөздер қате айтылады.
Қолөнер, сурет салу жұмыстарына бейімді. Өзіне, оқу құралдарына өте ұқыпты. Сынып
оқушыларына сыйлы. Әлсіз тұстары: Сыныппен бірге диктант жаза алмайды. Естігенін
қағазға түсіру үшін мұғалімнің ауыз қымылын бақылайды. Шала естігендіктен көп қате
жібереді. Ауызша сабақтардан түсінік айтуда қиналады. Математикадан мәселе есептердің
шартын құру кезінде мұғалімнің көмегіне жүгінеді.
4.
Осы баланың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақта қандай
Достарыңызбен бөлісу: