Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тақырыпты оқытуға əдістемелік нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет169/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Тақырыпты оқытуға əдістемелік нұсқаулар

Н.  Ермеков,  Н.  Стифутинаның [2], Е.В.  Шевчук  пен  Н.  С.  Ко-

льеваның [3] оқулықтарында  «Компьютер»  жəне  «Компьютер 



338

программалық  қамтамасыз  ету»  тараулары  қарастырылған. 

Сонымен  қатар  бұл  тақырып  информатиканың  базалық  курсы 

үшін  негізгілердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  білімдердің  негізі 

ЭЕМ  архитектурасы  принциптерін  білу  болып  есептеледі.  Бұл 

принциптерді 1946 жылы Джон фон Нейман – Нейман принциптері 

ретінде тұжырымдаған болатын. Негізінен олар қазіргі компьютерге 

де жарамды болып қалады.

[2]  оқулықта  «Компьютер»  тарауы  техника  қауіпсіздігі  жəне 

компьютерде  жұмыс  істеу  ережелерінен  басталып,  есептеуіш 

техникасының  даму  тарихымен  жалғасады:  алғашқы  есептеуіш 

құрылғылар  мен  машиналар  суреттермен  көрнекі  түрде  иллюстра-

цияланып,  оларға  сипаттама  беріліп  жəне  оларды  ойлап  тапқан 

ғалымдар  туралы  мағлұматтар  берілген.  Сондай-ақ  авторлар  осы 

оқулықта ЭЕМ-нің дамуының бес буынына толық тоқталған. Одан 

əрі компьютердің əмбебап есептеуіш машина екендігі қарастырылып, 

компьютер  құрылғыларының  міндеттері  мен  мүмкіндіктерінде 

(жүйелі  блоктағы  құрылғылар,  монитор,  пернетақта,  тышқан, 

джойстик,  сканер,  принтер  жəне  т.б.)  құрылғыларға  анықтама 

беріліп, оларға толық сипаттама берілген. Ал компьютер жадының 

түрлері  жəне  ақпарат  тасымалдаушылар  тақырыбында  ком-

пьютер  жадысының  схемасы  беріліп,  жадының  түрлері  жəне  

тасымалдаушылардың сипаттамалары берілген.

Архитектура  принциптері  ЭЕМ  нақты  моделіне  ешқандай 

қосымшаны  қоспай-ақ    өзгеріссіз  қалады.  Сабақта  тəжірибелік 

жұмыс  арнайы  компьютер  моделінде  орындалады.  Осыған 

орай  жалпы  теориялық  білім  мен  тəжірибенің  тұйыққа  тірелу 

мəселесі туындайды. Бұл проблеманы мұғалім шешуі тиіс. Жалпы 

ұғымды,  мысалы  жады  көлемі,  процессордың  разрядтылығы, 

тактілік  жиілік  енгізе  отырып,  оқушыларға  бұл  параметрлердің 

қандай  нақты  мəндері  мектеп  компьютерлерінде  бар  екендігін 

хабарлау  керек.  Енгізу  жəне  шығару  құрылғыларының,  ақпарат 

тасымалдағыштардың  қызметі  туралы  айта  отырып,  мұғалім  бұл 

құрылғыларды  көрсетуі,  оқушыларды  олардың  сипаттамасымен, 

қарым-қатынас  ережелерімен  таныстыруы  керек.  Сонымен  қатар 

мектептегі  бар  компьютерге  қарағанда,  қазіргі  жетілдірілген 

техниканың мүмкіндіктері мен сипаттамалары туралы айтып, оның 

даму  перспективаларын  ашып  көрсету  қажет.  Бірақ  та  оқушылар 

олар жұмыс істейтін компьютер туралы жақсы білуі тиіс.



339



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет