345
компьютердің қатты жəне жұмсақ компоненті терминдерімен таны-
стыру пайдалы.
КОМПЬЮТЕР = АППАРАТУРА (hardware) + ПРОГРАММАЛЫҚ
ЖАБДЫҚ (software).
Бұл тақырыпты ашудың логикасы келесі пікірлерде бейнеленуі
мүмкін. Егер компьютер программа басшылығымен кез келген
жұмысты орындаса, онда компьютерді қолданғысы келген адам про-
граммалай білуі керек? Егер компьютер «жалаңаш» аппаратураны
білдірсе, онда бұл бұлай болмас еді. Процессор тілінде программа-
лау қажет болар еді. Бірінші ЭЕМ-дерде дəл осылай болып, онда тек
қана кəсіби программистер ғана жұмыс істей алатын еді.
Қазіргі компьютер практика жүзінде əркімге қолжетімді. Бұл
қолжетімділік компьютердің программалық жабдықтамасымен
қамтамасыз етілуіне байланысты мүмкін болды. Программалық
жабдықтама – бұл компьютердің ұзақ жады құрылғысында
сақталатын жəне жаппай қолдануға арналған программалардың
жиынтығы.
Егер пайдаланушыға қандай да бір жұмысты компьютерде орын-
дау қажет болса, онда ол осы мақсатқа сай программаны ПЖ-дан
таңдауы жəне оның орындалуын жүзеге асыруы қажет. Осылайша
компьютерді адамның қолдануы келесі схема түрінде орындалады:
ТАПСЫРМА – ПРОГРАММАНЫ ТАҢДАУ ЖƏНЕ ІСКЕ ҚОСУ –
ЖҰМЫС
Мұнда «тапсырма» термині кең мағынада түсіндіріледі жəне
пайдаланушының компьютер көмегімен қанағаттандыратын кез
келген ақпараттық қажеттілігін белгілейді: мəтіндік құжатты құру,
суретті салу, есептеуді орындау, анықтама алу, электрондық пошта-
ны қабылдау жəне жіберу т.б.
Əрі қарай мұғалімге оқушылар қандай программалық
құралдар көмегемін қандай ақпараттық тапсырмаларды шешуге
болатындығына көңіл бөлу қажеттігін түсініп, назар аудару қажет.
Мұнда олар жүйелік сипаттағы тапсырмамен қолданбалы сипаттағы
тапсырманың айырмашылығын түсіне білуі тиіс. Мысалы, файлдар-
ды көшіру жəне өшіру операциялық жүйелер көмегімен, ал мəтіндік
346
құжатты редакциялау – мəтіндік редактордың, яғни қолданбалы
программаның көмегімен жүзеге асырылатындығын түсінуі тиіс.
Программалық жабдықты жіктеу. [2] əдебиетте компьютердің
программалық жабдықтамалары жүйелік программалар, қолданбалы
программалар жəне программалау жүйелерінен тұрады делінген
(12.3-сурет).
ǦǎǕ
ǸǹǷǬǹǩǵǵǩǴȄáǯǩǪǭȄáǻǩǵǩǺȄ
ǏéDzǮǴȎdz ǘǏ
âǷǴǭǩǶǪǩǴȄ ǘǏ
ǘǹǷǬǹǩǵǵǩǴǩǼ
ǯéDzǮǴǮǹȎ
12.3-сурет. ЭЕМ программалық жабдықтамасының құрылымы
Бұған ұқсас жіктелуі субъективті сипатқа ие. Бірақ аталған нұсқа
көп таралған жəне оған оқушылар информатиканы оқып-үйрену
үдерісінде танысатын программалық өнімдер жақсы жазылады.
Программалар мен оған жататын үш топ арасында олардың
қызметіне қарай нақты айырмашылық бар.
Достарыңызбен бөлісу: