350
Берілген тақырып бойынша оқушыларға берілетін бастапқы
ұғымдар: бұл файл аты, файл типі, файлдық құрылым, логикалық
диск, каталог, файлға бару жолы, каталогтар ағашы. Бұл ұғымдар
[2,3] оқулықтарда нақтырақ беріледі.
Каталогтар ағашы ұғымы иерархиялық файлдық құрылыммен
жұмыс істейтін барлық қазіргі операциялық жүйелерге тəн.
Файлдық құрылым туралы көрнекі түсінікті ағаш-дискідегі ка-
талогтар иерархиясының графикалық бейнесін береді. Мұғалімге
экранда NC немесе Windows-қа арналған «Сілтеуіш» типіндегі
қабықшадағы ағаш түсінігін белсенді пайдалану ұсынылады.
Оқушылар файлдық ағаш бойынша жаңашыл принциптерді түсінуі
керек, ол арқылы жоғары жəне төмен ауысуға үйренуі тиіс. Файлға
жол туралы түсінікті енгізе отырып, түбірлік каталогтан əрбір файлға
жалғыз жол фактісін ерекшелеп көрсетіңіз.
Файл құрылымы бойынша мүмкіндіктерді меңгере отырып,
файлдар жəне каталогтармен негізгі операцияларға көшу қажет. Бұл
операцияларды келесідей реттілікпен беру керек: файл мазмұнын
қарау, файлды көшіру жəне орнын ауыстыру, каталог құру (бума),
файлды жəне каталогты өшіру, файлдың жəне каталогтың атын
өзгерту.
Windows ОЖ жұмыс істей отырып, оқушыларды осы объектілік
ортаға тəн тəсілдерге: жанама менюді пайдалануға, Drag&Drop
əдісіне үйретіңіз.
Осы тақырыпқа қатысты бір-екі кіріспе сабақта оқушылар ОЖ
файлдық жүйемен жұмыс істеудің тəжірибелік дағдысын жақсы
бекіте алмайды.
Бұл сабақтардың негізгі нəтижесі файлдарды ұйымдастыру
туралы түсінікті алу жəне файлдармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін
түсіну болады.
Келесі қолданбалы тақырыптарда компьютердегі практикалық
жұмысты орындауда тапсырмаға оқушылардан дискілер мен
файлдармен жұмыс істеу біліктілігін талап ететін пункттерді
(сақтауы, көшіруі, атын өзгертуі жəне т.б.) қамтуы қажет. Тек қана
осындай жағдайда оқушылардың түсініктері бекітілген дағдыға
айналады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
– «программалық
жабдықтама», «операциялық
жүйе»,
«берілгендер», «программа», «файл», «файлдық
жүйе»;
351
программалық жабдықтама жіктелуі; ОЖ негізгі қызметтері;
программалау жүйелерінің қызметі ұғымдарын білуі керек;
– ақпаратты
енгізу-шығару
құрылғыларымен
жұмыс,
ақпараттық нысандармен операция жасау, графикалық интерфейсті
қолдана отырып, нысандарды ашу, атын беру, сақтау, ақпараты
архивациялау мен қайта архивациялау, менюді жəне терезелерді
пайдалану; антивирустың қауіпсіздік шараларын жүргізуді үйренуі
керек;
– жеке ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру, ақпараттық
нысандардың жеке жиынтығын құруда алынған білім жəне
біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде
пайдалана білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: