Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет171/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Ішкі  жадыны  ұйымдастыру.  Ішкі  жадының  ақпараттық 

құрылымын  екілік  ұяшықтардың – биттердің  тізбектілігі  ретінде 

көрсету  маңызды.  Схема  түрінде  мұндай  түсінік 12.1-суретте  бей-

неленген.

Ішкі жадының бит негізіндегі құрылымы оның бірінші қасиетін: 

дискреттілігін  анықтайды.  Жадыда  əрбір  бит  екі  мəннің  біреуін 

сақтайды: 0 немесе 1, яғни 1 бит  ақпаратты.  Компьютер  жұмысы 

үдерісінде бұл нөлдер мен бірлер ұяшықтарда «жанып-сөнеді».

Екінші  ішкі  жадының  қасиеті  «адрестелгендігі»  деп  аталады. 

Бірақ  биттер  емес,  бит  жадында  ретпен  орналасқан 8 – байттарға 

адрестеледі. Байт адресі – бұл оның жадыдағы реттік нөмірі.

Байт №


Бит

0

0



1

1

0



1

0

0



0

1

1



1

0

0



1

1

0



1

2

1



0

0

0



1

1

1



0

3

0



1

1

1



0

0

1



1

...


12.1-сурет. Ішкі жады құрылымы

Оперативтік  жадыдағы  ақпаратқа  қолжетімділік  адрес  бойын-

ша  жүргізіледі:  деректерді  жадыға  жазып  алу  үшін,  оны  қандай 

байттарға енгізу қажеттігін көрсету керек. Жадыдан оқу да дəл осы-

лай  адрес  бойынша  жүргізіледі.  Осылайша  процессор  оперативті 

жадымен қатынас жасайды. 

Сонымен  ішкі  жадының  ақпараттық  құрылымы – биттік-

байттық.  Оның  өлшемі  (көлемі)  килобайт,  мегабайт,  гигабайт 

түрінде өрнектеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет