Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет172/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Сыртқы  жадыны  ұйымдастыру.  Сыртқы  жадының  ақпарат-

тық құрылымы – файлдық. Ішкі жадыдағы мейлінше аталған бірлік 



файл деп аталады. Оқулықта бұл ұғымды түсіндіру үшін кітаптық 

аналогияны қолдану ұсынылады: файл – бұл кітап (параграф, əңгіме) 

тарауларының аналогы. 

Шынында,  файлда  сақталатын  ақпарат  биттер  мен  байттардан 

құралады.  Бірақ  ішкі  жадыдан  айырмашылығы  дискілердегі  байт-

тар  адрестелмейді.  Сыртқы  тасымалдаушыдағы  қажетті  ақпаратты 




342

іздеуде файлдың аты көрсетілуі тиіс; ақпаратты сақтау файлға  нақты 

атау беру арқылы жүзеге асырылады.

Файл  ұғымын  оқушылар  компьютердегі  практикалық  жұмыс 

тəжірибесі  жинақталғаннан  кейін  бірте-бірте  қабылдайды.  Бірінші 

қолданбалы  тақырыпта – мəтінмен  жұмыста – оларға  файлдарды 

сақтау, файлдарды ашу жүктеледі. Сонда ғана файл туралы түсінік 

абстракты түрден нақтыға айналады.

Кітаптық  аналогия  оқушыларға  дискінің  түбірлік  каталогы 

қызметін, оның мазмұнын түсінуге көмектеседі. Бұл дискідегі файл-

дар туралы мəлімет қамтылатын тізім; кейде оны дискі директория-

сы деп те атайды. Каталогта файл туралы мəлімет қамтылады (аты, 

байт  түріндегі  өлшемі,  дайындалу  күні  мен  уақыты  немесе  соңғы 

өзгеріс).

Бұл  ақпарат  арнайы  жолдарда  сақталады.  Егер  файлдар  тізімін 

экранға  шығарса,  онда  кітаптың  мазмұнын  қарауға  ұқсас,  одан 

дискіде қамтылған түсініктерді алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет