4. Практикалық жұмыс.
1-тапсырма. Боялған тіктөртбұрышты (1 а-сурет) салу, оны
белгілеп, алмастыру буферіне көшіру қажет. Жұмыс аймағына
суреттің 4 көшірмесін орналастырып, Arrow (Бағыттауыш)
құралының көмегімен оларды суреттегідей (1 б, в, г, д-сурет) транс-
формациялау керек.
а ә б в г д
2-сурет.
1. Суретті ыңғайлы салу үшін View>Grid (Түр>Тор) команда-
сын орындау арқылы немесе Ctrl+Э пернелер комбинациясының
көмегімен жұмыс аймағына торды шығарамыз. Ол редакторлеу
кезінде ғана қолданылады да, көру кезінде көрінбейді.
2. Контурдың және құюдың түсін таңдаймыз. Rectangle
(Тіктөртбұрыш) құралын таңдап, бастапқы суретті саламыз
(1 а-сурет).
3. Arrow белгілеу құралын таңдаймыз да, тышқанмен екі рет
шерту арқылы объектіні белгілейміз (1 ә-сурет).
4. Белгіленген суретті алмастыру буферіне көшіреміз (Ctrl+С),
жұмыс аймағына 4 көшірмені орналастырамыз (Ctrl+V).
5. Бірінші көшірмеде тек қана құюды белгілейміз де, тышқанның
көмегімен астына қарай тасымалдаймыз (1 б-сурет).
6. Екінші
көшірмеде
бағғыттауышты
тіктөрбұрыштың
550
бұрыштарына апарамыз да, тасымалдаймыз. Тіктөртбұрыштың
жоғары бұрыштарын қосылуына дейін апарамыз – үшбұрышты
аламыз (1 в-сурет).
7. Үшінші және төртінші көшірмесінде бағыттауышты
тіктөрбұрыштың жақтарына апарамыз да (сол кезде бағыттауышта
доға пайда болады), оларды қисайтамыз (1 г, д-сурет).
Сонымен, сурет салу құралын таңдап болғаннан кейін контурдың
және құюдың параметрлерін беруге болады. Осы тақтаның
көмегімен сызықтың стилін (түсінің қалыңдығын, штрих типін және
т.б. парамерлерін) баптауға болады, мысалы, штрих тұтас, үзілмелі,
пунктирлі және т.б. болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |