233
құрылысы астық қабатындағы ауа ағыны жылдамдығының көбею
мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
Оттық. Сұйық жəне газ тəрізді отынмен жұмыс істейтін
оттыққа қойылатын негізгі талаптар келесідей: оттықта отын
дəндерді ластайтын күйені жəне басқа да заттарды бөлмей
түгелдей жану керек. Сұйық отынды жағу кезінде оттық
кеңістігінің бір көлеміне талап етілетін жылу мөлшері бөлінген
жағдайда қанағаттанарлық нəтиже береді.
Оттықтар міндетті түрде сиретіліп жұмыс істеу керек.
Болмаған жағдайда ағындар конвекциясы оттықтың жоғарғы
жабынының қызуына жəне оның бұзылуына алып келеді.
Атмосфералық ауаның оттықтың араластырғыш камерасына
беру алдында алдын ала қыздырылуын қарастыратын оттық
құрылысы оттықтағы отынның нəтижелі үнемделуіне алып
келеді. Сонымен қатар оттықты астық кептіргіштің жұмыс
органымен қосатын газөткізгіш құбыр ұзындығы мүмкін
болғанша минималды болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: