375
Осы туыстық топтың өзге бір түрі – Ps.herbicola rubrum тығыз
ортада қызғылт түсті колониялар құрайды. Жаңа орылған астық
партиясында Ps.herbicola үлесіне бүкіл бактерия мөлшерінің 92-
95%-ы келеді. Олар дəндерді зақымдамайды, айтарлықтай
мөлшері дəндердің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Зең
саңырауқұлақтары мен кокктар бір-біріне қарсы болғандықтан
Ps.herbicola-ны тіршілік ететін ортасынан ығыстырып шығарады
да дəндерде жағымсыз микробиологиялық үдерістер тудырады.
Ps.fluorescens – споралар түзбейтін, тығыз ортада түссіз
немесе сұрғылт флюоресценция колониялары түрінде дамитын
таяқша.
Ps.herbicola aureum – қозғалғыш, майда, споралар түзбейтін,
ұзындығы 1-3 мкм таяқшалар болып келеді (98-сурет). Агар
немесе желатинді қатты қоректі ортада сары түсті колониялар
құрайды.
98-сурет. Микроскоппен қарағандағы Ps.herbicola көрінісі
Bac.mesentericus – ұзындығы 1,6 мкм-ден 6 мкм-ға дейін
жететін, жуандығы 0,5 мкм шамасындағы спора түзетін қысқа
таяқша болып келеді. Ол пісірілген нанда «картоп ауруын»
376
туғызады. Бұл ауру өте күшті өз ферменттері əсерімен ақуыз
жəне крахмалдың гидролизге түсуі салдарынан нанның
жұмсағының бұзылуы арқылы сипатталады. Картоп таяқшасы
температура 25
о
С жоғары болған жағдайда астық партияларында
жақсы дамиды, əсіресе, 32-42
о
С аралығында; температура 18-
20
О
С жəне одан төмен болғанда дами алмайды. Дəндер өздігінен
қызған жəне тозаң басқан кезде оның мөлшері арта түседі.
Bas.subtilis – сояу таяқша, даму жағдайы картоп таяқша-
сының дамуымен ұқсас. Ол дəндердің созылмалы жабысқақ
ауруын тудырады.
Дəнді дақылдарда шіру үдерістерін қоздыратын, сондай-ақ,
əртүрлі ашу үдерістерін туғызатын сүт қышқылды, май
қышқылды бактериялар мен дəндер өздігінен қызған кезде жедел
дамуға қабілетті түрлі кокк формалары кездеседі.
Ашытқылар
Ашытқылар – əртүрлі пішіндегі бактериялардан гөрі ірірек,
бір түйіршікті организмдер. Ашытқы колонияларына паста
тəрізді консистенция тəн. Сақтау кезінде дəндер сапасына елеулі
бір əсері бола қоймайды, бірақ нақты бір жағдайларда қамба иісі
деп аталатын иістің тууына себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: