16.1. Астық массасының микрофлораларының шығу типтері
Астық жиымында, дəндерде микроорганизмдер көп кездеседі.
Дəндерді өсімдіктердің өсуі мен дамуы микроорганизмдердің
өніп өсетін ортасында өтетіндіктен кез келген дақыл дəндері мен
тұқымында микроорганизмдер көп болады.
Астық сақтауға байланысты жұмысты дұрыс ұйымдастыру
үшін микроорганизмдер тіршілігін білу қажет, себебі олар ортақ
ортада өсіп-өнетіндіктен дəндердің қандай жағдайда сақталатыны
мұның екеуіне де ықпалы зор.
Астықтағы микрофлораның ең негізгі көзі – топырақ. Ол
микроорганизмдерге өте бай. Топырақтың бір грамында ондаған
миллионнан миллиардқа дейін микроорганизмдер болады.
Көбінесе, микробтар топырақтың өсімдік тамырына жақын
жерінде жəне тамырдың бет қабатында, қабығында көп кездеседі.
Топырақтың өсімдік тамырына жақын жерінде (ризосферада)
бəрінен де бұрын бактериялар, əсіресе, спорасыз бактериялар
басым
болып
келеді.
Сондай-ақ,
шірік
бациллалар,
актиномицеттер, сүт қышқылды ашу қоздырғыштары жəне
жетілмеген саңырауқұлақтар да кездеседі. Ризосферадағы кейбір
бактериялар мен саңырауқұлақтар біртіндеп жетіліп келе жатқан
өсімдіктің жер бетіндегі бөлігіне, яғни олардың тұқымына
көшеді.
Микроорганизмдердің нақты бір бөлігі өсімдіктерге шаң-
тозаң жəне жəндіктер арқылы түседі. Өсімдік толық піскен
кезінде оның барлық бөлігінде айтарлықтай мөлшерде микроб
болады. Орған жəне бастырған кезде олар одан əрі көбейеді.
Қабығы тұтқыр болғандықтан да олар дəндер мен тұқымға көп
жиналады.
Əртүрлі дақылдар дəндері мен тұқымындағы микробтар
мөлшері түрліше болады. Бұршақ тұқымдастар дəндері басқа
дəндерге қарағанда, микроорганизмдермен аз зақымданады.
Астықты автомобильдер, вагондар мен кемелер арқылы
тасымалдау кезінде дəндердегі микроорганизмдер көбейе түседі.
Сонымен, дəндер микрофлорасы өсімдіктерге түсетін
микроорганизмдерден тұрады. Олар – өсімдіктің əрбір туыстар
тобы мен түріне тəн эпифитті, паразитті, өсімдікке кездейсоқ
373
түсетін, Астық массасына егін жинау жəне бастыру кезінде
түсетін микроорганизмдер.
Кейде микробтар дəндердің ішкі жағына да өтіп, өніп кетеді
(субэпидермальды микрофлора).
Дəндер жəне дəндер өнімдерінде, əдетте, бактериялар,
ашытқылар, актиномицеттер, зең саңырауқұлақтары болады.
Олардың түрі, құрамы мен мөлшері дəндердің қандай ауа райы
жағдайында қалыптасқанына жəне оның сақталуына байланысты
болады. Өңделетін өнімдер микрофлорасы олардың құрамы мен
дəндерді өңдеу, тарту үшін дайындау тəсілі арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |