383
аэробты жəне анаэробты деп бөлінеді. Мұның біріншілері үшін
оттегі қажет, екіншілері оттегі белгілі бір мөлшерде болатын
ортада жəне тіпті, оттексіз ортада тіршілік ететін екі топқа
бөлінеді.
Астық микрофлорасы негізінен аэробты микроорганизмнен
тұрады, олар дəндераралық ауада оттегі жеткіліксіз болған
жағдайда тіршілігін тоқтатады. Дəндераралық ауа жеткілікті жəне
басқа да қолайлы жағдай болғанда (ылғалдылық пен
температура)
микроорганизмдердің,
ең
алдымен,
зең
саңырауқұлақтарының жедел дамитыны байқалады. Астық
массасы микрофлорасының дамуындағы мұндай заңдылықтың
зор практикалық мəні бар, олар дəндерде ауасыз ортада сақтау
тəсілін негіздеу үшін пайдаланылады.
Жаңа жиналған астықта сақтаудың бастапқы кезінде
микроорганизмдердің өсуі үшін қажетті жағдай жеткілікті
болады. Бұл – дəндер үшін ең қауіпті кезең. Сақтау мерзімінің
ұзаруы, дəндер арасында көмірқышқыл газының жиналуы,
сондай-ақ астықтың барлық жанды бөлшектерінің тыныс алуы
үшін пайдаланылатын оттегі мөлшерінің азаюына қарай
микроорганизмдер үшін қажетті жағдай нашарлайды. Бұл
аэробты микрофлора тіршілігін басып, микроорганизмдер санын
азайтады. Мұндай жағдай зең мицелийлері өсуін тоқтатып, спора
жасау қабілетінен айырылады, бар споралардың өзі одан əрі
өнбейді, анаэробты микроорганизмдер дамымайды.
Астық массасын, ең алдымен, оның микрофлорасын қорғау
кейбір зерттеушілер пікіріне қарағанда, жоғары мөлшердегі
көмірқышқыл газының əсер етуі нəтижесінде аэробты
микроорганизмдердің, ең алдымен, зең саңырауқұлақтарының
қырылуы арқылы жүзеге асады. Əйтсе де, көптеген
зерттеушілердің тəжірибе мəліметтері микроорганизмдердің
тіршілігіне қажетті оттектің жоқтығынан өлетінін дəлелдейді.
Сонымен астық сақтау кезіндегі қолданылатын желдету
барысында ауаның өтуін тиімді пайдалану керек. Астықты
аэрациялау микрофлораға былайша əсер етеді: ауаның азаюы,
оттегі қорының кеміп, дəндер аралықтағы көміртегі газының
жиналуы микрофлораны тұншықтырып, оның санын азайтады;
дəндерді салқындату мен ылғалдығын төмендету арқылы
берілетін ауада микроорганизмдер дамуын тоқтатады; ылғалды
384
дəндерді желдетіп, қопсытқанымен оның ылғалдылығы мен
температурасы қолайлы деңгейге түсірілмесе мұның өзі
микроорганизмдердің, ең алдымен, зең саңырауқұлақтарының
дамуына себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: