Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет199/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

 

 


 

400


 

17.4.  Ұзақ сақтауда ылғалдылығы  

төмен астықтың өздігінен қызуы 

 

Элеваторлар  мен  қоймаларда  ұзақ  уақыт  бойы  аударыс- 

тырылмай  сақталғанда  ылғалдылығы  шекті  мөлшерден  төмен 

дəндердің  де  қызатын  жағдайлары  белгілі.  Температураның 

көтерілуі  көбінесе,  көктемде  үйіндінің  жоғарғы  қабатында  

0,5-0,8  м.  тереңдікте  пайда  болады.  Əдетте,  температура  баяу  

(1-2  ай)  көтеріледі  де,  одан  əрі  үдеріс  жедел  қарқынмен  өрбиді. 

Қызуға жоғарғы қабаттың нығыздалуы себеп болады. 

Аударыстырылмай  ұзақ  сақталғанда  құрғақ  дəндерде 

қызудың  пайда  болуына  негізгі  себеп – үйіндінің  жоғарғы 

қабатындағы  маусымдық  температураның  ауысуы  мен  ылғал 

жəне  жылу  өткізгіштік  құбылысының  орын  алуы  жəне  осы 

қабаттарда ылғалдың буға айналуы. 

Астықтың  ылғалдануы  оның  барлық  бөліктерінде,  ең 

алдымен 

микроорганизмдерінің 

тіршілігін 

күшейтеді. 

Атмосфералық  ауа  қызып,  оның  салыстырмалы  ылғалдылығы 

кемитін  бірқалыпты  жазғы  жағдайға  көшу  жоғарғы  қабаттағы 

дəндердің құрғауына байланысты микроорганизмдер тіршілігінің 

тоқтауына негіз болады. 

Құрғақ  дəндердің  онда  көп  мөлшерде  астық  қорының 

зиянкестері (ұн жегіш, кене) жиналуынан да қызуы мүмкін. 

Дəндердің  əр  қабатының  ылғалдылығына,  температурасына, 

зақымданғаны  мен  нығыздалуына  бақылау  жасап  отыру  құрғақ 

дəндердің  қызуын  ертерек  анықтап,  оның  алдын  алу  шараларын 

жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет